"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Последнее обновление: 19 Октября 2019 17:23, Просмотров (85), Печать

     

    Құрметті жас оқырмандар, ата-аналар, балалар оқуларының жетекшілері!

    «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ сайтының балалар парақшасына қош келдіңіздер!

     

    Балалар кітапханасы - бұл толыққанды даму ортасының негізгі құрамдас бөлігі - ақпарат, мәдениет, қарым-қатынас қиылысатын тамаша орын.

     

     

    Шахтинск қаласында балалар тұрғындарына № 12, №13 балалар кітапхана-филиалдары, № 11 модельді кітапхана-филиалдары (Ересектерге және балаларға қызмет көрсететін) және №8 отбасылық оқу кітапханасы, сонымен қатар №1 және №16 кітапхана-филиалдары (Ересектерге және балаларға қызмет көрсететін) қызмет көрсетеді.

     

    8000-нан астам оқырманға қызмет көрсетіліп, 95000-нан астам кітап ұсынылады, олардың ішінде дәстүрлі емес, сонымен қатар электронды басылымдар да бар. Біздің кішкентай оқырмандар жылына 157000-нан астам кітап оқиды. Біздің кітапханамыздың оқырмандары арасында әр түрлі жастағы балалар ғана емес, сонымен қатар балалар оқуларының жетекшілері де, ата-аналар да бар.

     

    "Шахтинск ОКЖ" КММ балалар кітапханаларының қызметі балалар мен жасөспірімдерді кітапқа және оқуға тартуға, бос уақытын ұйымдастыруға, оқырмандардың қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беретін ерекше кітапханалық-ақпараттық ортаны құруға, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дарытуға, ақпарат ағымында бағдарлануға бағытталған.

     

    Балалар кітапханасы - бұл шығармашылық қиялға, стандартты емес ойлауға, өзін және басқаларды тануға, сезім мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу, жаңа мәдени мұраны кітап пен диалог арқылы ұрпақтан ұрпаққа беруге бағыттау үшін ерекше дамытушы орта.

     

    Бүгін біздің балалар кітапханалары - тек оқуға ғана емес, сонымен қатар өзіне  ұнамды шұғылданатын іс таба алатын орын. Кез келген бала бағдарламалар мен жобаларға, үйірмелер мен клубтарға, әр түрлі бос уақыт алаңдарына тегін қатысуға мүмкіндігі бар.

     

    Балалар кітапханашылары балаларды "Ұлы даланың – асыл мұрасы" (№12 балалар кітапханасы - филиалы), "Читатель-малышок" (№13 балалар кітапханасы - филиалы), "Вдумчивый читатель" (ф.балалар бөлімшесі №7 НМ бірге) сияқты түрлі бағдарламалар мен жобаларға қатысуға шақырады., "Балабақшадан кітапханаға" (Долинка к.модельдік кітапхананың балалар бөлімшесі "Жұлдыз" шағын орталығының орта тобы базасында),"О погоде и природе малышам" (балалар бөлімшесі ф."Аленка" ж/б орта тобының негізінде). 

     

    №13 балалар кітапхана - бөлімшесінде "Книговичок" клубы өз жұмысын бастады .

     

    Кішкентай табиғат әуесқойларын Шахан к.№8 филиалының отбасылық оқу модельдік кітапханасының балалар бөлімі негізінде құрылған "ЭКО" клубы , ал ұлдар мен қыздарды "Книголюб" (16 ф балалар бөлімі) үйірмесі біріктіреді. Балалар кітаппен жұмыс істеуге үйренеді және өзінің оқырман тәжірибесін байытады.

     

    Кітап оқуды ғана емес, сонымен қатар мультфильмдерді көруді ұнататын балалар №13 кітапхана-филиалының "Кинозалына" қуана барады.

     

    Наурыз айының соңында дәстүрлі түрде балалар кітапханаларында Балалар кітабының апталығы немесе "Кітаптың туған күні" аталып өтеді, оның мақсаты оқушылар арасында оқуды насихаттау болып табылады. Балалар кітабы апталығын өткізу кезінде балалар кітапханалары мен балалар бөлімдерінің кітапханашылары формасы мен мазмұны бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді: әдеби мерекелер, театрландырылған қойылымдар, аукциондар мен квесттер, ертегі күні мен оқырман рахаттану сағаты және т. б.

     

    Жазғы кезеңде балалар кітапханалары мен балалар бөлімдерінің қызметкерлері демалыстарды өз оқырмандары үшін әр түрлі және қызықты етуге тырысады. Бұл тек қызықты кітаптар мен көрмелер ғана емес, жайлы атмосфера мен жылы, сонымен қатар ауқымды іс-шаралар бағдарламасы.

     

    Жазғы демалыс күндері жас оқырмандар үшін ашық аспан астындағы "Библиоскамейка" (8, 11 филиалдар), "Жаз кітаппен" кітапты ауласы (ф.13), "Ауламызбен оқимыз" (ф.1) оқу залдары жұмыс істейді.

     

    №1 кітапхана-филиалының балалар бөлімінің кішкентай оқырмандары үшін жаз мезгілінде "Ертегңіз"атты кітап театры ашылады. Қойыылымға дайындық уақытыныда балалар ойлауды дамытады, қарым-қатынас жасауды және кітапты сүйуді үйренеді.

     

    Жыл сайын балалар кітапханалары қаланың жас тұрғындарын түрлі акцияларға қатысуға шақырады: "Кораблик доброты" қайырымдылық акциясы, "Книжка на ладошке" халықаралық акциясы, "Оқитын уақыт" аймақтық акциясы.

     

    Жас кітапқұмарларды ұмытылмас әдеби кездесулер, жарқын, көңілді балалар ертеңгіліктері мен мерекелері, шығармашылық оқу конкурстары, жаңа жылдық жобалар, мектепке дейінгі балалар күндері, көңілді жазғы оқулар күтеді.

     

     

     

     

     қайта оралу

     

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida