Последнее обновление: 16 Января 2021 17:53, Просмотров (3637), Печать
Коворкинг және кітапхана:
«Көпшіліктің жұмыс кабинеті» санды түрде (кітаптар, мерзімді басылымдар, аудио, видео, ойындар және т.б.) ұсынылған зияткерлік контенттердің кез-келген түріне қол жеткізудің коммуникациялық аймағы мен «тыныштық» комбинациясы; Ақпараттық ресурстардың барлық түрлері мен ауқымдарына назар аудару барысында жоғары білікті кеңестік көмек алу; Зияткерлік немесе эдьютейментті (білім мен ойынды біріктіру) – тікелей адамгершілік қарым-қатынасқа арналған кеңістік ұсыну.
Бұхар жырау атындағы қалалық орталық кітапхананың оқу залы базасындағы "Коворкинг —Bibliotech орталығы" жұмыс істеуге ыңғайлы, тыныш, оңаша орын. Ондағы семинарлар, іс-шаралар және серіктестермен іскерлік кездесу өткізу үшін жабдықталған тегін үй-жайды ұсынамыз.
Енді тапсырыс берушімен кездесу үшін ыңғайлы орын іздеудің, бизнес бойынша серіктестермен келіссөздер өткізуге кафеге жетелеудің керегі жоқ, Сіз жай ғана бізге келсеңіз болды! Осы телефон бойынша алдын-ала өтінім қалдырасыз: 5-40-58, немесе бізге осы мекен-жай бойынша жазасыздар: otdelobsluzhivaniya@list.ru.
Бізде не бар дейсіз бе?
Бізге хабарласыңыз, коворкинг — Bibliotech орталығында ұсынылған орынның барлық жағдайын көрсетіп, сізбен келісеміз, сондай-ақ Сіз орталық туралы кез-келген сұрақтар қоюуыңызға болады.
Тағы да оқыңыз: