Последнее обновление: 23 Февраля 2024 10:30, Просмотров (7838), Печать
Адамда сияқты әрбір кітапхана жүйесінің өзіндік өмірбаяны, өзіндік тарихы, мақсаты бар. Кез-келген кітапхананың тарихы қаланың тарихы мен адамдардың тағдыры бір-бірімен тығыз байланысты екендігімен ерекшеленеді. Шахтинск қаласының картасында алғашқы кітапхана 1961 жылы Шахтинск қаласымен бір уақытта пайда болып «Тентекшахтострой» трестінде орналасқан.
1976 жылы Шахтинск қалалық мәдениет бөлімі бойынша атқару комитетінің шешімі негізінде «Кітапханаларды орталықтандырылған қызмет көрсету жүйесіне көшіру туралы» №17 бұйрық шығарылды. Шахтинск ОКЖ директоры болып Барабаш Александра Дмитриевна тағайындалды.
ОКЖ кітапханаларының негізгі міндеті халықтың тұрғылықты жері бойынша кітапты насихаттау болып табылады. Көктем-жаз кезеңінде кітапхана қабырғасынан тыс жұмыстар жандандырылуда. Партияның қалалық комитетімен мемлекеттік кітапханалардың шағын айдандардағы үгіт алаңдарына бекітілген тізбесі құрап бекітіледі. Үгіт алаңдарындағы кітапханалар тұрғындарды КСРО халықтары әдебиеті жанрларының алуан түрлілігімен таныстырып және әдеби викториналар мен конкурстардың қатысушылары болуға шақырады. Балалар кітапханаларының жылжымалы оқу залдары аула клубтарында, мектеп жанындағы және пионерлік лагерьлерде, саябақтарда жұмыс істейді.
1989 жылы аймақ халқы жыл сайын азайып тұрды, кітапханаларды оңтайландыру басталды. Бірақ ол кезде де кітапханалар әрқашан көп болатын. Мемлекеттік кітапханалар желісі мен штаттарын оңтайландыру кезінде жүйені Насаткова Татьяна Васильевна басқарды. Кітапханалар өз миссияларын тұрақты және сенімді орындады - қала мен кент тұрғындарын кітапханалық қызметпен қамтамасыз етті.
Уақыт алға ұмтылады, оқырмандармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері өзгерді. Кітапханаларда компьютерлер, медиа проектор және басқа да ақпараттық технологиялар пайда болды. Енді іс-шаралар заманауи технологияларды қолдана отырып өткізіледі: электрондық презентациялар, бейне сабақтар, жазушылармен виртуалды кездесулер. Қашықтықтағы оқырмандармен және интернет пайдаланушыларымен өзара әрекеттесу үшін кітапханалар бірқатар on-line қызметтерін ұсынады: кітапты падалануды ұзарту, on-line оқу, виртуалды анықтама, JivoSite чаты. Кітапхана сайтында (http://shahtinsklib.kz), блогтарда, әлеуметтік желілердегі беттерде (Facebook, Instagram, YouTube, ВКонтакте және т. б.) кітапханалар өз қорларын ашады, пайдаланушылардың сұрауларына жауап береді, жеке қызмет көрсетеді, on-line іс-шараларын өткізеді.
Бүгінгі таңда Шахтинск қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Калинина Ирина Алексеевна басқаратын, заңды тұлға мәртебесіне ие дербес ұйым болып табылады.
Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі КММ 8 кітапхананы біріктіреді: толық ашық құрылымымен Бұқар жырау атындағы орталық қалалық кітапхана және 7 филиал:
Кітапханаларда оқырмандарға қызмет көрсету барысында ақпараттық технологиялар белсенді енгізілуде: тегін Wi-Fi аймағын қосу, электрондық кітаптармен жұмыс істеу үшін әртүрлі құрылғыларды сатып алу, Мобильді кітапхана, әлеуметтік желілердегі пайдаланушылармен белсенді жұмыс істеу, кітапхана кеңістігін аймақтарға бөлу– coworking Center. Жаңа компьютерлік және телекоммуникациялық технологиялардың пайда болуымен кітапханалардың ақпараттық және мәдени орталықтар ретіндегі мүмкіндіктері едәуір кеңейді. Ақпараттық технологиялар кітапхананың дәстүрлі функцияларын өзгертуге, қазіргі қоғамдағы кітапхана мен кітаптың рөлі мен маңыздылығын қайта қарастыруға әкелді.
ОКЖ кітапханалары енді кітаптарды сақтауға және беруге арналған орын ғана емес. Бұл қаланың заманауи ақпараттық, мәдени және ойын-сауық орталығы, уақытты жағымды және пайдалы өткізуге болатын орын.