Последнее обновление: 15 Августа 2024 11:01, Просмотров (2576), Печать
«Шахтинск»–Тентек өзенінің жағасында орналасқан (Нұра өзенінің сағасы) Қазақстан Республикасындағы Қарағанды облысына бағынышты қала. Өңірдің негізгі өзендері: Шерубай-Нұра мен Тентек. Жалпы аумағы 20 шаршы км.
Қала 1955 жылы Тентек жұмысшы кенті ретінде құрылды. Оның тарихының басталуы жоғары сапалы кокс көмірін өңдейтін және игеретін Тентек кен орнының ашылуымен байланысты. 1949 жылы геологтар Ц.М. Фишман мен Л.Ф.Думлер Тентек өзенінің маңында 250 метр тереңдікте жалпы қуаты 4,5 миллиард тонна болатын 40 көмір қабатын тапты.
Соғысқа дейінгі геологиялық карталарда Қарағанды бассейнінің құрылымы созылған тостаған немесе табақ түрінде беріліп, оның батыс шеті Шерубай-Нұра өзенінің сол жағалауынан өтті. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдары геолог Б.Л. Афанасьев көмір қабаты сол жағалаумен шектелмеген, «тостаған» батысқа қарай ашық қалады деген болжам жасады. Б.Л.Афанасьевтің болжамын тексеру мақсатында Қарағанды геологиялық басқармасының Солтүстік-Батыс геологиялық барлау партиясы құрылды (кейінірек Гапеев ГРП). 1949 жылдың желтоқсанында ең жақсы көмір қабаты ашылды.
1958 жылғы 28 тамызда КСРО Министрлер Кеңесі «Қарағанды металлургия зауытының көмір базасын құру туралы» қаулы қабылданып, 1959 жылдың мамыр айында «Тентекшахтострой» тресіқұрылды, оған 8 құрылыс мекемесі кірді.
1958 жылдың 6 қарашасында №1 ШҚБ мен Иван Кондратьевич Сагайдактың шахтақұрылысшылар бригадасы №1 «Тентекская Наклонная» шахтасын салды. Шахта 1961 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілді.
1958 жылы Тентек кентінде 26 щиттік –жиналмалы жер үйлер болды. Тұрғын үй жеткіліксіз болғандықтан, жұмысшыларды Долинка, Новодолинка, Актас, Қарағандыдан әуелі ашық, ал қыста жабық автокөліктермен тасымалдады.№1 ШҚБ жұмысшылары өз күштерімен 24-ші ықшамауданда 102 үй салып, жұмысшыларға таратылды.
Ол уақытта кентте дүкендер мен асханалар болмаған еді. Судың өзін Долинка кентінен әкеліп отырды.
«Долинскшахтопроходка» шахта құрылыс басқармасымен1959 жылы Кеншілеркүніне орай Торговая көшесіндеалғашқы азық-түлік дүкеніпайдалануға берілді.
Қарағанды металлургия зауытының жаңадан құрылып жатқан көмір базасына еліміздің түкпір-түкпірінен комсомол жолдамалары бойынша жұмысшылар ағылып келіп жатты. Олар тез арада уақытша баспаналар тұрғызып, шатырлар тікті. Осылайша бір қабатты, екі қабатты блок, қалқанды үйлердің, ал 1960-1961 жылдары бес қабатты үйлердің құрылысы басталды.
Тентек халқы санының өсе бастағанын мына статистика көрсеткіштерінен байқауға болады: 1958 жылдың қараша-желтоқсан айларында жергілікті жұмысшы депутаттары кеңестеріне сайлау өткізіліп, 165 сайлаушы қатысса, 1959 жылдың қараша айында сайлауға 4 мыңға жуық сайлаушы қатысты.
1959 жылдың жазында жабдықталған барақтардың бірінде алғашқы бас дәрігер және хирург Ким Григорий Сергеевич болған, сол кезде аурухана мен емхана, сондай-ақ «жедел жәрдем» станциясы ашылды.
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында екі қосарланған барақтан бастауыш мектеп ашылды. Ашық би алаңы салынып, барак клубретінде қолданысқа берілді. 1960 жылдың көктемінде жазғы кинотеатр ашылды. 1960 жылдың жазында №5 мектеп салынды (ОӨК - оқу-өндірістік комбинаты, қазіргі уақытта – оқушылар сарайымен біріктірілген).
Қалалық саябақтың іргесі қаланды. Саябақты салу үшін бірнеше жексенбіліктер өткізілді. Қатты ылайлы топырақтаағаштар мен бұталар үшін, шұңқырлардыбалға шоттармен қазуғатура келді.
Жұмысшылар Ресейден, Украинадан, Беларусиядан ағылып келе бастады. Бірақ бұл жерге үйрену көбіне оңай тимеді: жазда- қатты ыстық, қыста –шыңылтыр аяздар.Бұл нағыз қиын кездер еді. Ауа- райының құбылыстарына қарамай жұмыс істеу керек болды.
Бірақ жағдай көктемде тіпті қиындайтын. Тыныш жатқан Тентек өзені тулап ағып, құрылысшылардың жұмысын қиындататын, көшелер, үйлер су астында қалатын еді.
1960 жылдың желтоқсанында №8 «Тентекская-Вертикальная» шахтасының іске қосылып, кокстелетін көмірдің алғашқы тонналарын беруі үлкен оқиға болды.
Кент орталығы Торговая көшесіне жүргіншілер жолы мен асфальт жолдар салынды. 1960 жылы кент ауданы 100000 шаршы метрге жетті.
1961 жылғы 15 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Тентек кентінің атауы Шахтинск қаласы болып өзгертілді. Қалақұрамына Долинка, Новодолинский, Шахан, Северо-Западный кенттерікірді. Халықтыңжалпы саны37,9 мыңадамдықұрады.
Қалажұмысшыларының отбасыларын жұмыс істеп тұрған санитарлық қауіпті аймақтарда емес, жайлы қалада қоныстандыруы, Қарағанды облысының үлгілі істерінің бірі болды.
Қала аумағы үш бөлікке –өндірістік, қала қажеттіліктеріне көмек көрсету және тұрғын-үй құрылысы бөлігіне бөлінді. Қалаға кәсіби кеншілер мен құрылысшылар жетіспегендіктен, 1964 жылы тау-кен техниктерін,техник-құрылысшыларды даярлайтын Шахтинск тау-кен құрылыс техникумы (кейін Шахтинск технологиялық колледжі) құрылды.
Ал жұмысшы мамандарды кәсіптік-техникалық училищелер дайындады. 168-ҚКТУ (кейінірек 7-ОКТУ) 1968 жылдан кеншілер дайындайтын ұстахана болды. Училище шахта электрослесарінің, тау-кен қазу машиналарының машинистерінің және тау-кен өнеркәсібінің басқа да мамандарыныңкәсіби дайындығын жүргізді.
Өнеркәсіптің дамуы мен халықтың өсуіне байланысты мәдени-ағарту мекемелеріне деген қажеттілік туындады. 1961 жылы Шахтинск қаласында бірінші «Восток-2» кинотеатры ашылды. Осы жылы Шахан кентінде біріншібұқаралық кітапхана мен Шахтинск қаласында балалар кітапханасы ашылып, ол 1962 жылы қалалық бұқаралық кітапхана болып қайта құрылды.
1965 жылы «Юность» кинотеатры мен Ұлы Қазан Төңкерісінің 50 -жылдығы атындағы Кеншілер мәдениет сарайы пайдалануға берілді.
60-жылдардың аяғында Шахтинск қаласы мен оған жапсарлас кенттерде 9 бұқаралық кітапхана, екі балалар кітапханасы және бір бұқаралық кәсіподақ кітапханасы, сондай-ақ 4 кинотеатр, клуб пен мәдениет үйі жұмыс істеді.
Алпысыншы жылдар қала құрылысындағы ең қарқынды кезең болды. Дәл осы жылдары қала құрылысы жоспарына өзгерістер енгізіліп, 1962 жылы бекітілген жобаны түзетуге негіз болды. 1968 жылы Шахтинск қаласының жаңа бас жоспары әзірленіп, 1969 жылғы 28 шілдеде Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен бекітілді.
Қала құрылысы солтүстіктен шығысқа, шығыстан оңтүстік-шығысқа және одан әрі оңтүстікке бұрылатын жолақ тәрізді жүргізілді.Бас жоспардың бірінші кезеңі 1975 жылы аяқталуы тиіс болатын. Жобаның негізгі бөлігі жүзеге асырылды.
70-ші жылдар қала үшін де, оның көптеген тұрғындары үшін де керемет жайдары кезең болды. Көп қабатты үйлер, жаңа шахталар мен басқа да ғимараттар бой көтерді. Қазақ ССР-нің жеңіл және тамақ өнеркәсібінің тапсырысы бойынша синтетикалық жуу ерітінділерін шығаратын зауыт ашылды. Зауыттың бірінші кезегі (синтетикалық жуғыш заттар) 1974 жылдың аяғында, ал екінші кезегі - 1975 жылы іске қосылды. Зауыт «Лотос», «Кристалл» сияқты әмбебап ұнтақтарды, «Экстра», «Лада», «Березка» сұйық жуу ерітінділерді, қатты сабындарды шығаруды игерді. Зауыт әйелдерді жұмыспен қамтумәселесін сәтті шешті.
11 бесжылдықта (1975-80 жж.) қалада сауда алаңы 931 шаршы метр болатын бес дүкен, 480 орындық 6 асхана, емханасы бар 240 төсектік аурухана, үлкен күту залы бар автовокзал, 1600 тонналық көкөніс қоймасы, 2000 нөмірлі телефон станциясы пайдалануға берілді.
Жалпы білім беретін мектептер желісі 60, 70-ші жылдары қалыптасса, мектепке дейінгі мекемелер желісіне қажеттілік өте жоғары болғандықтан дамуын әлі де жалғастырды. 70-жылдардың соңына қарай қала мен кенттерде 30-дан астам мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істеді.
Денсаулық сақтау саласы да айтарлықтай дамыды. 70-жылдардың соңына қарай қала мен кенттерде 11 емдеу-алдын алу мекемесі, 15 денсаулық сақтау пункті, оның ішінде 3 емхана, 2 әйелдер консультациясы, 2 диспансер, 3 балалар консультациясы, 1 сүт асханасы, 700 төсектік 3 қалалық аурухана, 120 төсектік 1 перзентхана, 100 төсектік 1 балалар ауруханасы, 300 төсектік 1 тубдиспансер болды.
Жаңа 31-ықшамаудан белсенді түрде салынды. Қаланың орталық Ленин көшесі 1991 жылы Абай Құнанбаев даңғылы деп өзгертілді
1981 жылы «Арман» кинотеатры ашылды. Бірнеше жыл өткен соң жаңа шағын аудандар пайда болды. 26-шы ықшамаудан мен Центр-3 ықшамаудандары Жеңістің 40 жылдығы атындағы кең көшеге орналасты. Бұл аудандарда 1981 жылы - №5 ОМ, 1990 жылы - №15 ОМ салынды. «Жемчужина», «Айгүл» және «Мальвина» балабақшалары ашылды.
Осы жылдары кеншілер үшін «Рассвет» сауықтыру кешені салынып, кеншілер мен олардың отбасылары денсаулығын түзеді. Қасында перзентхана мен әйелдер консультациясының жаңа кең ғимараты (1989 ж.), ал 25 ықшамауданда 5000 нөмірлі байланыс торабының жаңа ғимараты іске қосылды.Өнеркәсіптік тауарлар мен азық-түлік дүкендерінің желісі, жаңа дәріхана ашылды.
1989 жылы ең жаңа заманауи технологияқондырғыларымен жабдықталған Гормолзавод өз өнімін шығара бастады.
80–жылдардың соңы бүкіл КСРО-дағы сияқты Шахтинск үшін де экономикадағы құлдырау жағдайымен есте қалды. Қайта құру, саяси өзгерістер, экономикалық реформалар қаланың индустриалды дамуына әсер етпей қоймады.
90-шы жылдардың басында Шахтинск қаласы бойынша өндіріс пен тұрғындар өсімі баяулады. Бай, экономикасы жақсы дамыған Шахтинск қаласы дотациямен ғана күн көретін елді- мекенге айналды. Тозығы жеткентұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көптеген инфрақұрылым нысандары қиын жағдайда болды. Тұрғындардың үдере көшуіне байланысты халық саны күрт кеміді. Қаладағы ауыр ахуалға байланысты 2006-2007 жылдары қалыптасқан экономикалық тұйықтан шығу жөніндегі бағдарлама әзірленді. Демалыс орындары мен үй аулаларын абаттандыру, жылдың суық мезгілінде электр қуаты мен жылу беруді қалпына келтіру басталды. Үкіметтің қаржы құюының арқасында Шахтинск ЖЭО қалпына келіп, бірқалыпты жұмыс істей бастады. Тұрғын үйлер жөнделіп, мектепке дейінгі мекемелер, жаңа сауда орындары, шағын және орта бизнес кәсіпорындары ашылды.
Қазіргі уақытта екі ірі қала құраушы кәсіпорын: Бірінші - QARMET компаниясы (бұрыңғы «АрселорМитталТемиртау» АҚ). Оның құрамына көмір өндіретін төрт шахта кіреді. Екіншісі - Шағын механикаландыру құрал жабдықтарын және стандартталмаған құрылғыларды шығаратын (СЖШМ ) зауыт. Сондай-ақ, ысталған ет пен шұжықтың ірі өндірушісі «Апрель Кулагер» ЖШС бар.
Қалада орта мектептер, лицей, колледж, гимназиялар, музыкалық және көркем сурет мектептері, Оқушылар сарайы, мәдениет үйлері мен кітапханалар, ауыр атлетика спорт залы, балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, стадион жұмыс істейді. Сондай-ақ жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.
Шахтинск қаласының қарамағында төрт әкімшілік бірлік бар:
- Новодолинский (қала типтегі кент, халық саны –6 мыңнан астам);
- Шахан (қала типтегі кент, халық саны –8 мыңнан астам);
- Долинка (қала типтегі кент, халық саны –5 мыңнан астам);
- Северо-Западный (кент, халық саны –4мыңнан астам.).
Ардагерлерге құрмет көрсетілді // Шахтинский вестник. – 2023.- 12 мамыр.- Б.5
Жанысбай С. Тіл және дәстүр интеграциясы : кездесу. / С. Жанысбай // Новый вестник. – 2024.- 20 наурыз.- Б.7
Рызақұлұлы, А. Ұлттық қиім - ұлтымыздың айнасы: челлендж. / А. Рызақұлұлы // Шахтинский вестник. – 2023.- 17 наурыз.- Б.7
Смаилова С.О. Шахтинск калалық мәслихаттың IX сессиясы өтті / С.О. Смаилова // Новый вестник. – 2024.- 3 апр.- C.10
Тұржанов, А. Батаменен ел көгерер: челлендж. / А. Тұржанов // Шахтинский вестник. – 2023.- 17 наурыз.- Б.7
Тұржанов, А. Наурыз - бауырмалдық пен ауызбіршілік мейрамы / А. Тұржанов // Шахтинский вестник. – 2023.- 25 наурыз.- Б.4
Тарлыков, П. И. Стремительный взлет: о городе Шахтинске / П.И. Тарлыков. // Социалистическая Караганда.- 1962. - 28 янв. (№ 24). - С.2.
Тіл - қазына әрі ұлттың жаны : семинар-тренинг. // Шахтинский вестник. – 2022.- 18 қараша.- Б.7
Тұржанов, А. Еңбегіне лайыкты баға берілді: [Шахтинск қалалық жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы]. / А. Тұржанов // Шахтинский вестник. – 2023.- 5 мамыр.- Б.4
Киелі орындар қастерленуде : акция. // Ortalyq Qazaqstan. – 2024.- 20 сәуір.- Б.7
Экоакция жалғасуда : экологиялык акциясы. // Arqa aqshamy. – 2024.- 16 мамыр.- Б.3
Шахтинстегі тың өзгеріс // Arqa aqshamy. – 2024.- 30 мамыр.- Б.2
2024 жылғы 14 мамырда, сағат 16:00-де қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы болып өтті // Новый вестник. – 2024.- 29 мамыр.- Б.20