Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 22 Августа 2023 09:41, Просмотров (5475), Печать

    Өлкетану– кітапханалар қызметінің бірден бір бастаушы және басым бағыттарының бірі. Әрқайсымыздың да –өз шағын Отанымыз бар. Кітапхананың барлық жұмысы оларға, адамдарға деген махаббатты, жер бетінде тұратындарға, өз өлкемізге деген сезімдерді арттыруға бағытталған. Әзірге біз өткенді қызықтап, өз тарихымызды білеміз. Осылайша ұрпақтар байланысы ешқашанда үзілмейді.

     

    Соңғы кездері Шахан, Новодолинск, Долинка кенттерін қосқанда, Шахтинск аумағы туралы әдебиеттер мен тарихтарға деген қызығушылық артуда. Долинка кенті-Қарлагтың «Астанасы» аталады, оның тарихы 100 жылдан асып жатыр. Новодолинский, Шахан кенттері Қарлагтың ең қайғылы танымал бөлімшелері.

     

    Қоғамның өлкетанымдық ақпаратқа қызығушылығымен үндесе отыра, Бұқар Жырау атындығы қалалық орталық кітапхана өз жұмысында қаланың әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін қарастыра отырып, тұрғындардың өлкетанымдық құжаттар мен олар жайлы мәліметтерге қолжеткізуін, жиналып, сақталуын қамтамасыз етеді. Осы мақсатта кітапхана қызметкерлері электронды шығарылымдарды құрастырды,: онда қала табиғатының, мәдениетінің, тарихының, қайраткерлері мен жергілікті тұрғындары, алғашқы құрылысшылары, ҰОС және Ауғанстан ардагерлері, қадірлі азаматтары, жергілікті ақындардың шығармашылығы жайлы ақпарат көздері бар. Олардың арасында: электронды библиографиялық құралдар: Шахтинск аймағының басшылары 1961-2018 жж.=Руководители Шахтинского региона 1961-2018 гг.«Почетные граждане города Шахтинска»«Опаленные войной», «Афганистан болит в моей душе», «Шахтинску 40 лет».  2016 жылы Шахтинск қаласының 55 жылдығын атап өтті. Шахтинскіде қала елтаңбасы жасалып, ұлы Абайға ескерткіш орнатылды. Шахтинск - кеншілер тағдарының қаласы» кітабы шығарылды.Кітаптың шығуына қала мұрағатының қызметкерлері, қаланың әртүрлі ұйымдастыру өкілдері, кітапхана қызметкерлері белсенді ат салысты.

     

    Өлкетану құжаттарының қоры

     

    Кітапхананың барлық өлкетану қызметінің негізі - өлкетану қоры. Өлкетану қорында 15 мың бірлік сақталады. Қор келесі құжаттардан тұрады: кітаптар, брошюралар, парақшалар, көшірмелер, бейнелеу өнерінің шығармалары, фотографиялар, орталық басылымдар, видеофильмдер, машинкамен және қолмен жазған материалдар, газеттер мен журналдардан алынған өлкеміз туралы  мақалалардың тақырыптық папкалары.

    Қалалық орталық кітапхананың қорында жергілікті газеттердің 1982 жылдан бастап осы уақытқа дейінгі тігінділері сақталған. Жергілікті газет 1982 жылдан 1995 жылға дейін «Шахтерский маяк» деп аталған, ал 1996 жылдан қазіргі кезге дейін «Шахтинский вестник». деп аталады.

     

     Өлкетану басылымдарының қоры соңғы бірнеше жылда  кітаптар жинақтарымен толықтырылды. 

    -Могильницкий, В.М.     Не склоним головы. Документальныеочерки о великих узниках Карлага.- Караганда: Гласир,2011.- 260 с.

    -Могильницкий, В.М.     В долине слез. О великих узниках Карлага.- Караганда: Тенгри, 2012.- 156 с.

     

    Анықтама-библиографиялық аппарат

     

    Жергілікті маңызы бар барлық ақпараттық ресурстар ақпараттық-библиографиялық аппаратта көрсетілген. Оған электронды база деректері, карточкалық каталог, картотека, анықтама және библиографиялық оқулықтар қоры, қиындылардың тақырыптық топтамалары және құжаттардың көшіргісі. 

     

    Қазіргі заманғы электронды технологиялар кітапханалардың өлкетану қызметін сапалы жаңа деңгейге көтерді. ҚОК өлкетану бағытындағы келесі электронды база деректерін жүргізеді: «Өлкетану» электронды каталогы және «Шахтинск: уақыт, оқиға, деректер» ТБД. Қазіргі сәтте «Өлкетану» электронды каталогының көлемі 3500 жазбадан тұрады. 

     

    Электронды каталогтар құрылатын базадағы РАБИС бағдарламалық өнімі «Өлкетану», «Кітаптар» электронды каталогындағы толық мәтінді библиографиялық жазбаларға тіркеуге мүмкіндік береді. Мәтінді сәйкес сілтемені басып автоматтандырылған жүйедегі интерфейстен тікелей ашуға болады. Тіркелген файл көбінесе құнды құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, оған қолжетімділікті жылдамдатады, ыңғайлылық пен жылдамдықты арттырады.

     

    Өлкенің мәдени және тарихи ерекшеліктерін дамыту, құнды деректер болып табылады, сондықтан да өлкетану тақырыбындағы материалдарды сақтауға  мынадай ерекше талаптар қойылады: олар кітапханада тұрақты сақталады, қорлардан шығарылмайды, пайдаланушыға оқу залында тек бір данасы ғана беріледі. Кітапхананың барлық өлкетану жұмыстары «Шахтинск ОКЖ» КММ өлкетану қызметі туралы ережелер негізінде жасалады.

     

    Жергілікті басқару органдары мен қала тұрғындарының ақпараттық делдалы бола отыра, кітапханалар қолданысқа жергілікті сипаттағы нормативтік-құқықтық актілерді жинайды, сақтайды және пайдалануға береді.  Сонымен қатар, оларды өздерінің картотекаларында және  «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтында(http://shahtinsklib.kz) қамтиды.

     

     

     

    қайта оралу

     

     

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida