Последнее обновление: 09 Января 2025 16:41, Просмотров (11710), Печать
Нұра-Тентек өзенінің саласының жағалауында кең етегін жайған Қарағанды обылысының қол астындығы қалалардың бірі - Шахтинск қаласы.
Шахтинск қаласы 1961 жылы құрылған.
2021 жылы Шахтинск қаласының 60 жылдығы тойланды.
Шахтинск қаласында кеншілер қаласының белгісін көрсететін өз елтаңбасы бар.
Қала аумағы 0,2 мың. шаршы км, қалалық әкімшілікте 3 кент бар: Шахан, Долинка, Новодолинский.
2023 жылғы 1 қазан Шахтинск өңірінің халық саны 58 327 адамды құрады, оның ішінде Шахтинск қаласында - 39058 адам, Шахан - кенттерінде 7 491 адам, Долинка кенттерінде - 6 276 адам және Новодолинский кенттерінде - 5 502 адам.
Қала Қарағанды қаласының оңтүстік - батысында 45 км. жерде, Нұра-Тентек өзені салаларының бірінің жағасында орналасқан.
Қаланың пайда болуы Тентектік жоғары сапалы кокстелетін көмір кен орынын игерумен байланысты.
Шахтинск қаласы - Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы.
QARMET компаниясы (бұрыңғы «АрселорМитталТемиртау» АҚ) : «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», Ленин атындағы шахталары, зауыттар - көмір өнеркәсібіндегі қаланың көмір өндіруші кәсіпорындары қаланы дамытудың экономикалық.
«Курылысмет» ЖШС кәсіпорны №2 Өндіріс QARMET компаниясы (бұрыңғы «АрселорМитталТемиртау» АҚ) бөлімшелерінің бірі болып табылады, онда шахталарда көмір өндіру кезінде пайдаланылатын барлық ұнғыма техникасына жөндеу жүргізіледі.
«Апрель - Кулагер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - ет және ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және консервілеу бойынша ірі кәсіпорын. Қаланы жылумен, сумен, электр қуатымен етуді кәсіпорындар жүзеге асырады: «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шахтинскводоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
2022 жылғы 1 қаңтар жағдай бойынша қалада 415 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 2 ірі, 13 орта, 400 шағын.
2023 жылдың үшінші тоқсанында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 438 840 теңгені құрады.
2023 жылдың қалада 20 631,5 млн. теңгеге өнеркәсіпөнімі өндірілді, бұл 2022 жылдың көлемінен 98,2% .
Негізгі капиталға 36 810,6 млн. теңге сомасында инвистициялар игерілді, бұл 2022 жылғы көлемнің 159,7 % - ын құрайды.
2023 жылдың қантар - сәуір айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 15359,4 млн. теңгені немесе 2021 жылдың көлеміне 205,9% құрады.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 5468 ш. м. немесе 2022 жылдың сәйкес кезеңіне 91,2% (982 ш. м.) құрады.
Бөлшек сауда көлемі 18 008,8 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты немесе 2022 жылғы көлемнен 21,1 % - ға артық.
2022 жылдың қантар - сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 6026,2 млн. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 4481,3 млн. теңге, мал шаруашылығы - 1544,8 млн. теңге.
2023/2024 оқу жылының басынан қалада 12 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 7 900 оқушы оқиды, колледж- 936 оқушы, 13 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде: 8 мемлекеттік, 2 шағын орталық және 3 жекеменшік балабақша, онда мектепке дейінгі мекемелермен қамтылған балалар саны 2294 немесе мектеп жасына дейінгі балалардың жалпы санынан 82,3% құрайды.1
Шахтинск қаласындағы мәдениет объектілерінің мемлекеттік желісіне 14 мәдениет нысаны кіреді. Қалада 8 кітапхана, 4 клуб үлгісіндегі мекеме, 1 мұражай, 1 мәдениет және демалыс саябағы жұмыс істейді.
70 - тен астам ұлт өкілдері тұратын аймақта 7 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Олар көатеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болып табылады.