Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Последнее обновление: 03 Апреля 2024 14:34, Просмотров (7228), Печать

    Нұра-Тентек өзенінің саласының жағалауында кең етегін жайған Қарағанды обылысының қол астындығы қалалардың бірі - Шахтинск қаласы.

     

    Шахтинск қаласы 1961 жылы құрылған.

               

    2021 жылы Шахтинск қаласының 60 жылдығы тойланды.

     

    Шахтинск қаласында кеншілер қаласының белгісін көрсететін өз елтаңбасы бар.

     

    Қала аумағы 0,2 мың. шаршы км, қалалық әкімшілікте 3 кент бар: Шахан, Долинка, Новодолинский.

     

    2023 жылғы 1 қаңтарға Шахтинск өңірінің халық саны 58 254 адамды құрады, оның ішінде Шахтинск қаласында - 36674 адам, Шахан - кенттерінде  8 432 адам, Долинка кенттерінде - 4 609 адам және  Новодолинский кенттерінде - 6 282 адам.

     

    Қала Қарағанды қаласының оңтүстік - батысында 45 км. жерде, Нұра-Тентек өзені салаларының бірінің жағасында орналасқан.

     

    Қаланың пайда болуы Тентектік жоғары сапалы  кокстелетін көмір кен орынын игерумен байланысты. 

     

    Шахтинск қаласы - Қарағанды облысының өнеркәсіптік ауданы.

     

    QARMET компаниясы (бұрыңғы «АрселорМитталТемиртау» АҚ) :  «Шахтинская», «Казахстанская», «Тентекская», Ленин атындағы шахталары, зауыттар - көмір өнеркәсібіндегі қаланың көмір өндіруші кәсіпорындары қаланы дамытудың экономикалық.

     

    «Курылысмет» ЖШС кәсіпорны №2 Өндіріс QARMET компаниясы (бұрыңғы «АрселорМитталТемиртау» АҚ) бөлімшелерінің бірі болып табылады, онда шахталарда көмір өндіру кезінде пайдаланылатын барлық ұнғыма техникасына жөндеу жүргізіледі.

     

    «Апрель - Кулагер» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі - ет және ет өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және консервілеу бойынша ірі кәсіпорын. Қаланы жылумен, сумен, электр қуатымен етуді кәсіпорындар жүзеге асырады: «Шахтинсктеплоэнерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,  «Шахтинскводоканал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

     

    2022 жылғы 1 сәуіріндегі жағдай бойынша қалада 373 заңды тұлға тіркелген, оның ішінде 3 ірі, 14 орта, 356 шағын.

     

    2022 жылғы 1  қаңтар - желтоқсанына бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 312 146 теңгені құрады.

     

    2022 жылдың 1 тоқсанында қалада 5 319,2 млн. теңгеге өнеркәсіпөнімі өндірілді, бұл 2021 жылдың көлемінен 13% - ға немесе 611,6 млн. теңгеге артық.

     

    Негізгі капиталға 2 910,8 млн. теңге сомасында инвистициялар игерілді, бұл 2021 жылғы көлемнің 105,4 % - ын құрайды.

     

    2022 жылдың қантар - сәуір айларында құрылыс жұмыстарының көлемі 530,5 млн. теңгені немесе 2021 жылдың көлеміне 79,1% құрады.

     

    Тұрғын үйді пайдалануға беру 982 ш. м. немесе 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 25,3% (3 877 ш. м.) құрады.

     

    Бөлшек сауда көлемі 2 685,0 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты немесе 2021 жылғы көлемнен 10,6 % - ға артық.

     

    2022 жылдың қантар - сәуір айларында ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 237 млн. теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 51,6 млн. теңге, мал шаруашылығы - 185,4 млн. теңге.

     

    2020/2021 оқу жылының басынан қалада 12күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 7 807 оқушы оқиды, колледж- 824 оқушы, 8 балабақша және 3 шағын орталық.

     

    Қалада 8 кітапхана, 4 клуб үлгісіндегі мекеме, 1 мұражай, 1 мәдениет және демалыс саябағы жұмыс істейді.

     

    70 - тен астам ұлт өкілдері тұратын аймақта 7 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді. Олар көатеген мәдени және қоғамдық іс-шаралардың бастамашысы болып табылады.

     

     

    Шахтинск қаласының бұқаралық ақпарат құралы  «Шахтинский вестник» қоғамдық-саяси газеті мен кабельді цифрлік жерсеріктік телевидениесі ТОО «Альтаир 2007» көмегімен ұсынылған.

     

     

     

     

     

    Өлкетану

     

     

     

     

    қайта оралу

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida