Өмірден ерте озған талантты прозашы, драмашы Әділбек Тауасарұлының бұл екітомдық шығармалар жинағына кезінде баспасөз беттерін жарық көрген хикаяттары мен республика театрларының сахналарында қойылып, калың көрермен ілтипатына бөленген пьесалары және көпшілік оқырман әлі жете танысып үлгермеген хикаялары, әңгімелері енгізіліп отыр. Кітаптан, сондай-ақ, жазушының өзі ұзақ жылдар қызмет істеген теледидар саласындағы творчестволық еңбегінің өркенді, өрелі нәтижелерін де таба аламыз. Жинақтағы шығармалардың қай-қайсысы да қаламгердің кайталанбас хас дарын иесі болғанын танытады.
Қазақтың тұңғыш кәсіби жоғары білімді архивариусы, белгілі жазушы-драматург, тарихшы Амантай Сатаев кешегі кеңестік кезеңің өзінде төл тарихымыздың айтылмай, айтқызбай келген тұнықтарын жасқанбай, талмай жинап, артына мол шығармашылық мұра қалдырған қаламгер. А. Сатаевтың бұл кітабына таңдамалы пьесалары мен киносценарийлері топтастырылған. Тарихилық пен деректілікті қазық еткен әр шығармасы қызықты мағлұмат, соны көріністерімен, автордың тек озіне тән драматургиялық ерекшеліктерімен тартымды. Автор оқырманды өзінің таңғажайып әлеміне жетелеп, Жәңгір хан, Төле би сынды небір айтулы тарихи тұлғалармен, Ботагөз, Ғайни сияқты ерекше кейіпкерлерімен қатар, жас ұрпақ өнеге етерлік қарапайым да, жаны жайсаң еңбек адамдарымен де қауыштырады. Ел басына түскен ауыр нәубет хақындағы «Қаратабан қанды жол», «Елім-ай» киносценарийлері де осында. Қаламгерді жаңа бір қырынан танытатын бұл туындылары да оқырман көңілінен шығар деген үміттеміз.
Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, жазушы, дра матург Әкім Таразидін шығармалар жинағының 12-томына орыс халқының ұлы ғалымы Никита Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты кітабының аудармасы еніп отыр. Кітаптың оқырманға берер танымдык дерегі, тарихи мағлұматы мол.
Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып, сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын. Сол сапардың жалғасы ретінде 2019 жылы Алматы облысының өнірі туралы жазылған шығармалар осы кітапка топтастырылды. Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі icпеттіi әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.
Кітапқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Есенғали Раушановтың әр жылдарғы, белгілі тұлғалар туралы жазылған естелік-эсселері мен сұхбаттары топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.