Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 12 Апреля 2024 17:10, Просмотров (24925), Печать

    Тарази Ә. Шығармалары Т. 12: Аударма. Н.Бичурин. Орта Азияны мекендеген халықтардың көне заманғы тарихы / Ә. Тарази. – Астана: Фолиант, 2023. – 528 б.

    Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, жазушы, дра матург Әкім Таразидін шығармалар жинағының 12-томына орыс халқының ұлы ғалымы Никита Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» атты кітабының аудармасы еніп отыр. Кітаптың оқырманға берер танымдык дерегі, тарихи мағлұматы мол.

     




    Салықбаева Г. Жұмыр жердің жаннаты (Алматы облысы) / Г. Салықбаева, Т. Тоқтарәлі. – Алматы: Әдебиет, 2023. – 232 б.

    Қазақстан Жазушылар одағының «Әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында белгілі қаламгерлер Еліміздің әр өңіріне барып, сол өлкенің тыныс-тіршілігімен танысып, тарихы мен тағылымын, өнері мен мәдениетін, аңызға айналған тұлғалары мен киелі жерлерін өлең тілімен немесе қарасөз түрінде хатқа түсірген болатын. Сол сапардың жалғасы ретінде 2019 жылы Алматы облысының өнірі туралы жазылған шығармалар осы кітапка топтастырылды. Өлкетану тақырыбын байытатын Ұлы даланың шежіресі icпеттіi әдеби-танымдық шығармалардың бүгінгі замандастарымызға һәм келер ұрпаққа да берері мол.                                    

     




    Раушанов Е. Жаздың жұпар жаңбыры: эсселер, сұхбаттар / Е. Раушанов. – Алматы: Жазушы, 2023. – 336 б.

    Кітапқа ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Есенғали Раушановтың әр жылдарғы, белгілі тұлғалар туралы жазылған естелік-эсселері мен сұхбаттары топтастырылған. Кітап көпшілік қауымға арналған.

     




    Рақым Т. Тандамалы: өлеңдер, цикл-жырлар, балладалар, поэма / Т. Рақым. – Астана: Рух БГ, 2023. – 320 б.

    Қазақ поэзиясы көрнекті өкілдерінің бірі, ақын әрі сазгер, Қазақстан Жазушылар одағының Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлығының лауреаты Тынышбай Рақымның (1946-1999) таңдамалы жинағына өлеңдері, циклжырлары, балладалары мен поэмасы енгізілді. Кітап жырсүйер көпшілікке арналған.                                                   

     




    Рамазан Д. Жан / Д. Рамазан. – Алматы: Алматы - Болашақ, 2023. – 368 б. – (Жаңа қазақ әдебиеті).

    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, талантты жазушы-драматург Думан Рамазанның бұл жаңа жинағына «Көш», «Құса», «Көкжал», «О дүниедегі кездесу», «Дауыс», «Жылап аққан тамшылар», «Ажал», «Жұбаныш», «Жан», «Алланың әмірі», «Жатбауыр», «Жын», «У», «Тор» тәрізді таңдаулы әңгіме-хикаяттары топтастырылған. Сырбаз суреткердің қаламынан туған көркем шығармалар жаңашылдығымен, терендігімен, мазмұндылығымен, астарлылығымен, өзгеше өрнегімен, тақырып сонылығы hәм әр алуандығымен, тілінің шұрайлылығы және стилінің айқындылығымен ерекшеленеді. Философиялық, психологиялық, лирикалық, мистикалық, сюрреалистік, постмодернистік, этнографиялық, аллегориялық, мифтік, эпсаналық бағыттағы шығармаларға батыл қалам тербейді. Оны осы жинақтағы туындылардан да анық байқауға болады. Кітап қалың көпшілікке арналған.                                                                                     

     




    Страницы: 1 2 3 4 5 6 7

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida