Последнее обновление: 28 Февраля 2025 11:50, Просмотров (1532507), Печать
Бұл кітапта ер мен әйел арасындағы дұрыс қарым-қатынас тың қыр-сыры баяндалады. Бала кезден қалыптасқан түсініктердің болашақ қарым-қатынасқа қалай әсер ететіні жайынан бастап, ерлі-зайыптылардың бір-бірін түсінуі үшін мән беруі тиіс жағдайлар толық қамтылған. Автор талай жылдық ізденісі мен маман ретіндегі тәжірибесіне сүйене отырып жазған бұл еңбек құнды ақпаратқа толы.
«Өмір сізді сүйеді!» — Луиза Хейдің ең маңызды әрі сүйікті аффирмацияларының бірі. Тәжірибелі психолог Роберт Холден мен Луиза Хейдің сұхбатынан құрылған бұл кітап өзіңізді терең тануға, жақындарыңызбен қарым-қатынасыңызды реттеуге және махаббатқа бөленіп өмір сүруді үйренуге жақсы нұсқаулық бола алады. Сонымен бірге көптеген аффирмацияларға, кешірім техникаларына, өзге де пайдалы жаттығуларға толы 7 күндік рухани практика ұсынады. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
"«21 күнде бақытты болудың құпиясы» — Луиза Хейдің аффирмацияларға негізделген бестселлер кітаптарының бірі. Өзіңді жақсы көруді және өзіңе құрметпен қарауды үйренудің 21 күндік практикалар жинағы. Автордың айтуынша, айнаның алдында дауыстап айтылатын аффирмациялардың тиімділігі жоғары болады. Айна сіздің өзіңізге деген қарым-қатынасыңызды, сезімдеріңізді көрсетеді. Айнамен жұмыс өміріңіздегі ең маңызды қарым-қатынасты құруға көмектеседі, бұл — өзіңізбен арадағы байланыс. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған."
Хатидже Кюбра Тонгардың «Айғайламайтын аналар» атты кітабы ата-ана болудың қаншалықты маңызды рөл екенін көрсетеді. Айғайламайтын ана болу – тек балаға дауыс көтермеу емес, кез келген жайтты баланың санасы қабылдайтындай етіп сабырлы түрде жеткізу. Ол деңгейге жету оңай емес, себебі бәріміз де адамбыз, ашу-ызаға ерік береміз. Перзентіміз саналы да сабырлы болып өсуі үшін, «отбасы» және «ана» деген сөздер жүрегіне жылулық сыйлауы үшін әуелі өзімізді тәрбиелегеніміз жөн. Бұл кітап аналар үшін бала тәрбиесіндегі көмекші құрал ретінде қызмет етеді.
Қазіргі қоғам табысты болуды насихаттайды. Табысқа жетуге барлық мүмкіндік те жасалған. Өміріңе маңызды өзгеріс әкелгің келсе, қол қусырып қарап отырмай, әрекет етуің керек. Ол үшін кез келген істі өзіңе мотивация беру үшін қолдан. Танымал америкалық блогер, журналист, жазушы Марк Мэнсон өзінің бұл еңбегінде әр адамның өзін-өзі дамытып, өмірін жеңілдетуі үшін ерекше кеңес ұсынады. Оның өмірлік философиясы қарапайым - бәріне қолыңды бір сілте! Сондықтан мұнда қалай қайғыны — қаруға, жарақатты - күшке, ал проблеманы... біршама күрделі мәселеге айналдыруға болатыны көрсетілген. Бір сөзбен айтқанда, мазасыздық, уайымшылдықпен күресудің нұсқаулығы іспетті. Өйткені ауыр бейнетіңе қарамастан жеңіл өмір сүруге, қорқынышыңды жеңіп, еркін болуға, сонымен бірге жүрегіңді сыздатқан мұң-шерің азапқа салса да, күліп жүруге үйретеді. Бұл кітап белгілі бір жетістікке қалай жетуді мақсат тұтпайды, керісінше, қолдағы барыңнан айырылып, ескі-құсқымен қоштасудың жаңа өмірге жол бастайтыны жайында.