Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новинки книг

    Последнее обновление: 12 Апреля 2024 17:10, Просмотров (33528), Печать

    Композитор Амангелді Ахметжановтың "Айналайын" әндер жинағы / Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы. – Қарағанды : Форма Плюс, 2023. – 88 б.

    «Айналайын» әндер жинағына композитор Амангелді Ахметжановтың шығармалары жинақталған. Жинақ кәсіби және әуеской әншілерге, сондай ақ шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне және көпшілік оқырмандарна арналган.    

     




    Заманауи Қазақстан суретшілері = Художники современного Казахстана] / ред. А. Хазбулатов, П.М. Тэйлор; ауд. қаз. тіл. С. Тоқтарова, ағылш. тіл. Е. Соколова. – Астана : ТОО "Intellservice", 2018. – 264 б. – (Рухани жаңғыру) .

    Осы басылым Тәуелсіздіктің ширек ғасырынан астам уақыттағы Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу өнерінің бетке ұстар туындыларының иллюстрацияланған каталогын усынады.  

     




    Чеботарев, А.Тәуелсіз Қазақстан тарихы: саяси модернизация / А. Чеботарев. – Алматы : Жібек жолы, 2022. – 312 б.

    Монография тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесінің, сондай-ақ саяси модернизация контекстіндегі оның негізгі институттарының қалыптасуы мен дамуына арналады. Еңбекте модернизация мен оның Қазақстанның саяси тәжірибесінде көрініс табуын зерттеудің теориялық негіздері қарастырылған. Сайлау және партиялық жүйелердің, парламентаризмнің, атқарушы биліктің, жергілікті өзінөзі басқару жүйелерінін, адам құқығы саласындағы саясаттың даму ерекшеліктері сарапталған. Түрлі уақытта қилы қоғамдық-саяси бірлестіктер мен жеке саясаткерлер ұсынған елдегі саяси модернизацияның балама жобаларына да баға беріледі. Автор - саясаттанушы, саяси ғылымдар кандидаты Андрей Чеботарёв. Монография сала мамандарына, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына, жалпы көпшілік қауымға арналады.         




    "Сарыарқа" газеті. 1917-1919 жж./ құраст. Т. Замзаева, А. Мырзағали; сурет. А. Сұлтанғұбиев. – Алматы : Алашорда, 2023. – 808 б.

    «Сарыарқа» газеті 1917-1919 жылдар аралығында қазақ тілінде апта сайын шығып тұрған Семей облыстық Қазақ комитетінің үні. Қолдарыңыздағы кітапқа осыдан бір ғасыр бұрын жарық көрген ұлттық басылымның 1917-1919 жылдардағы қолда бар сандары толық топтастырылып, қазіргі жазу үлгісімен тұңғыш рет жарық көріп отыр. Газет материалдарынан біз қазақ даласындағы Уақытша үкімет кезіндегі хал-ахуалды, қос Жалпықазақ съезінің ұйымдастырылып, өткізілуі және «Алаш» партиясы мен Алаш Орда үкіметінің құрылуы туралы жан-жақты мағлұмат ала аламыз. Кітап ұлт, мемлекет және Отан тарихына қызығушы барша оқырман қауымға арналған.




    Мұстафаев, Н.Тәуелсіз Қазақстан тарихы: парламентаризм және жергілікті өзін-өзі басқару .– Алматы : Жібек жолы, 2022. – 328 б.

    Тарихшы, саяси талдаушы Н. Мұстафаев пен М. Шибутовтың бұл зерттеу еңбегі тәуелсіз Қазақстандағы парламентаризм мен өзін-өзі баскарудың қалыптасуы мен дамуына арналған. ХХ ғасырдың басындағы парламентаризмнің бастаулары, Далалық және Түркістан өлкесі өкілдерінің Ресей империясының Мемлекеттік думасының сайлауларына қатысуы, XIX ғасырдым соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақ тұрғындары арасында болыс басқарушылары мен ауыл старшиналарын сайлау практикасы қарастырылған. Кеңестердің бірыңғай жүйесінің халықтық биліктің ерекше формасы есебіндегі сипаты мен рөлі, КСРО-ның ыдырауы қарсаңындағы және тәуелсіздіктің бастапқы кезеңіндегі олардың эволюциясы, Қазақстан Республикасындағы парламенттің құрылуы, парламентаризмнің, жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы баяндалған. Монография мамандарға, студенттерге, мектептердің жоғары сынып оқушыларына, қалың оқырман қауымға арналған.   




    Страницы: 1 2 3 4 5 6 7 8

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida