"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новинки книг

    Аронсон Эллиот Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе, 11-басылым,-Алматы: «Қлттық арударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл-408 бет.


    фото к новости

    Белгілі ғалым Эллиот Аронсонның «Көпке ұмтылған жалғыз: әлеуметтік психологияға кіріспе» атты кітабы әлеуметтік психологияның жаңа қырларын ашады. Мамандар бұл ілімді, салыстырмалы түрде, ғылымның жас саласы деп есептегенмен, оның алғышарттары Аристотель заманында-ақ көрініс тапқан. Ар Аронсон болса, ХІХ ғасыр соңында іргетасын Триплет қалап, 1930 жылдары К.Левин одан әрі дамытқан әлеуметтік психология ғылымының көкжиегін кеңейтуге тырысады.

    Жоғары оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ қалың оқырман қауымға да қызықты бұл оқулық адамның сыртқы ортаға бағынуы, жағдайға мойынсұнуы, өзін-өзі ақтап алуы, көзсіз сенімге енуі, ұнатуы, ашуға бой алдыруы, үгіт-насихат жетегінде кетуі сияқты маңызды факторларды нақты мысалдар арқылы саралайды. Соның нәтижесінде Аронсон әлеуметтік психологияның ғылыми сала ретінде қалыптасып, өзіндік орын иеленгендігін негіздеген. Бұл еңбек әлеуметтік психологияға жаңаша қарауға, ең бастысы, адам психологиясындағы ерекшеліктерге мұқият болуға баулиды.


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida