Кітапта Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының 2011-2012 жылдар аралығында атқарған жұмыстары берілген. Мақаларда бұрынғы Семей сынақ полигонындағы және оның іргелес аумақтарындағы, басқа да Қазақстандағы ядролық сынақтар өткізілген жерлердегі радиоэкологиялық ахуалды зерттеу, ССП жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етудің, қауіптің «радиациялық емес» факторлары, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нысандарындағы радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы мәселелері қамтылған. авторлар ұсынылып отырған жинақ оқып отырған әр тұлғаға Қазақстандағы ядролық сынақтар өткізілген барлық негізгі нысандардың қазіргі шынайы ахуалы туралы сапалы ақпарат алуға, «Семей ядролық сынақ полигоны» деп аталатын ерекше нысанға қатысты ешкімгетәуелді емес көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді деп сенеді.