Қолдарыңыздағы шығармалар жинағы қазақтың біртуар тұлғасы Алаш қайраткері, заңгер, аудармашы Сейдәзім Қадырбайдың ғылыми- шығармашылық мұрасына арналған. Ғылыми басылымның бірінші тарауына заң, құқықтық-саяси iлiм салаларына қатысты аударма еңбектері енсе, екінші тарауға қайраткер туралы әр жылдары жазылған зерттеу мақалалар мен естеліктер топтастырылған. Бұрынсонды кітабы шықпаған арыстың алғашқы кітабына оның өмiр жолына, қоғамдықсаяси қызметiне қатысты архив материалдары мен құжаттар да қамтылды. Kiтап көпшiлiк оқырманға, гуманитарлық.