Өткен ғасырдың аты шулы 60-жылдары жұртшылықты ең көп дуылдатқан даулы шығарма «1961» атты поэманың авторы ол кездегі студент, жас ақын Оразбек Сәрсенбаев «Бұл не қылған автор?», «Бұл не қылған дастан?» деп елді дүрліктіргені бар. Новеллист О. Сәрсенбаев- А.Чехов пен Б. Майлинге тән ұғымтал қарапайымдылықты бірдей ұстанып, келе-келе поэзиядан прозага калам тартып, көптеген шебер туындылар жазған сезімтал жазушы (Ә. Кекілбай). Қаламы мұқалып көрмеген марқұм қаламгердің оқырмандарға ұсынылып отырған осынау «Әуезовтің бөлтіріктері» атты кітабына оның кеңестік кезеңнен бастап егемендікке жеткен бүгінімізге дейін жазған татымды әңгімелері, орыс аударылған (Г. Бельгер) екі әңгімесі, «Жанжал» романы, бірнеше повестері, «Әуезовтің бөлтіріктері» атты көлемді сұхбаты, Ә. Кекілбайұлының эссесі, прозаға ауысқанға дейін жазған өлендері енгізілді. Кітаптың кейіпкерлері тумысынан момын, қара қылды қақ жарған адал да, қарапайым еңбек адамдары, кейбіреулері өмірде болған тұлғалар. Олар өздерінің бітім-болмысымен, іс-әреке тімен, мінез-құлқымен, принципшілдігімен оқырмандарына ұнайды, оларды адами ізгілікке жетелейді.