Последнее обновление: 11 Мая 2024 14:37, Просмотров (968496), Печать
Бұл жыр жинағы саяси қуғын-сүргіндер құрбанының ұрпағы Болат Магазұлы Сағындықовтың кейінгі бір-екі жыл шамасында жазған дүниелерін қамтыған. Автордың шығармашылығы небір нәубет пен қасіреттің қайғы-мұңына шырмалып қалмай, қайсарлықпен алға жүрудің, жалынды жастық шақты бағалаудың, қоғамдық маңызды мәселелерге азаматтық үн қатудың, бойдағы қайратты қайраткерлікке ұластырудың үлгісі іспеттес.Көкіректі кернеген ащы зар да, жүректің нәзік сыры да, ұрпаққа өнеге берер ұлағатты сөз де, ер-азаматты жігерлендіретін қайрақ сөз де, келешекке деген үміт те осында. Кітап көпшілік оқырманға арналған.