"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Біздің таңдауымыз – Салауатты өмір салты»


    «Біздің таңдауымыз – Салауатты өмір салты» атты тақырыпта орталық кітапхананың оқу залында №9 мектептің 8 «Б» сыныптарына  арналған  қажетті мәліметтер беру мерекелік іс-шарасы өтті.

     

     

     

    Іс – шара барасында,  Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі екендігі жайында түсінік берілді.

     

     

     

     

    Сабақ барысында оқушыларды екі топқа бөліп, 3 түрлі тапсырмалар берілді. 1 тапсырма денсаулық жайында өлең шумақтарын шығару, 2  тапсырма денсаулық жайында мақал – мәтелдер айту, 3 тапсырмада жеке гигиена сақтау ережелері жайында болды. Оқушылар тапсырмаларды бұлжытпай, қызығушылықпен орындап, бірі – бірлеріне деген құрметті де көрсете білді. Сабақ қызықты әрі көңілді отырыспен өтті.


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida