"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Қазақстан-достық шаңырағы».


    2 мамыр күні №12 филиал кітапханасында «Қазақстан-достық шаңырағы» атты іс-шара өткізілді. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлауда. Біздің шағын кітапханамызда да бұл мереке арналып, 16 мектеп-лицейінің 7 «А» сынып оқушыларына іс-шара өтізілді.

     

     

    Іс-шара барысында оқушыларға презентация арқылы Қазақстанда 130 - ға жуық ұлт өкілдері тұратының, Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенің,  онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұратыны баяндалды.

     

     

     

     

    Жүргізуші Қазақстанда тұратын барша халықтың өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде үлкен үлгілі отбасының кейпін көрсетіп, әлем халықтарының мұндай көп ұлттан құрылған мемлекетте осыншалық тату - тәтті, бейбітшілікте өмір сүріп отырғандығы – Қазақстан Республикасының кемел саясатының арқасы екенін олар жақсы біледі және соған алғыстары да шексіз екендіктерін айтып кетті. Өзге ұлттардың қазақ халқына алғыс білдіргені туралы видеороликтер көрсетілді. Іс-шара барысында  «Сәлемдесу» және «Ынтымақ түбі -бірлік» ойын түрлері өткізілді.

     

     

     

    Тәрбие сағаты соңында оқушылар өз лебіздерін «Ынтымақ галерясына» стикер арқылы жазып білдірді.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida