"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Ғажайып сурет әлемі».


    №12 филиал балалар кітапханасы  №9 ЖББ мектеп алаңында «Ғажайып сурет әлемі» іс-шарасын өткізді.

    Басты мақсаты – жас буынды шығармашылық қабілеттерін тереңдету, асфальтта сурет салуға деген қызығушылықтарын арттыру, эстетикалық талғамын, әр тақырыпты аша білу танымын дамыта отырып, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу.

     

     

     

     

     

     

    Балалар  еркін тақырыпта өз ойларын әсем безендірілген алаңдағы асфальт бетіне түрлі-түсті борлармен суреттер салды. Балалар өз суреттерінде көгілдір аспанды, баршаға нұрын шашқан күнді, керемет табиғатты, сүйікті отбасыларын, достарын және де кітапханадағы сүйікті журналдарын  бейнелеген.Жазғы демалыс  лагерінде демалып жатқан балалар бар ынталарымен белсенділік танытты.Байқаудың соңында жас суретшілер өз суреттері туралы айтып, пікірлерімен бөліскен. Барлық қатысушылар сыйлық  және тәтті сыйлықтармен марапатталды. Балалардың жадында бұл күн естен кетпесі сөзсіз. Кітапханашы іс-шараның соңында жазғы демалыс уақытында кітапхананың есігі әрдайым ашық болатындығын еске салды.   

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida