"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Қадірлесең салт-дәстүр - асыл қазына».


    №12 филиал балалар кітапханасында  «Қадірлесең салт-дәстүр - асыл қазына» атты тәрбие сағаты  өтті.

     

     

     

     

    Іс шараның мақсаты: жастарымызға қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет ғұрпын таныстырып, өз өмірлерінде осы салт- дәстүрлерді ұстануды насихаттау болды. Қазақтың салт- дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруы тиіс. Сабақ  барасында  оқушылар ребус шешіп  іс шараның тақырыбын тауып жалғастырдық және ғұрып, дәстүр  ерекшеліктері мен қазақтың салты туралы ойларын ортаға салды. Қоржыннан асық ала отырып, сол асық нөмірі бойынша салт дәстүр түрін1 минут ішінде анықтады. Тағы бір ойын «санаға сапар» бұл жерде ойын шарты: киіз үйге сұрақтарды іліп, жауап алу. Келесі ойын «Салт, ғұрып,дәстүр »ажырата білу.

     

     

     

    Балалар  өздерінің ұстанатын ұлттық дәстүрлерімен бөлісіп, салт-дәстүрлерді жас ұрпаққа тапсырудың маңызы жайлы да сөз қозғады.

     

    Бір шаңырақ астында өмір кешіп жатқан барлық ұлттардың достығы мен бірлігін паш еткен осы іс-шара ашық, жарқын, мерекелік көңіл күйде өтті.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida