"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады. Родина начинается с тебя»


    2019 жылдың 30 шілдеде  Шахтинск Технологиялық колледжінің студенттеріне  Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады. Родина начинается с тебя» клубының кезекті отырысы «Болашаққа ұмтылған Қазақстан»  атты  ақпараттық сағатқа арналды.

     «Ел жүргегі- Нұр-сұлтан» атты кітап көрсетілімі жасақталды.

    Көрсетілімнің мақсаты: оқырмандарға елордамыздың 21 жыл ішіндегі даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Нұр-сұлтанның абыройын асқақтату және ғасырлық дәстүрді сабақтастырған Нұр-сұлтанның бүгінгі келбетінен мол мағлұмат беру.

     

     

    Тақырыпқа сай безендірілген көрмеден:  елорданың өткені мен бүгінімен сыр шертетін туындылар, Нұр-сұлтанның қазіргі келбетін баяндайтын кітаптар, фотокітаптар қойылды. Келушілер көрме арқылы әсем қалаға саяхат жасады. Көрікті жерлерімен танысты. Халқымыздың мәдени өмірінің орталығы — елордадағы мәдениет ошақтары жайлы құнды деректер де осы көрмеде топтастырылған. Нұр-сұлтан күннен-күнге қарыштап дамып, қанатын кенге жайып келеді,  көрмеде ұсынылған кітаптар арқылы астананың қалыптасуындағы басты кезеңдерді еске алу мүмкіндігіне ие боламыз, өйткені кішігірім қаладан Нұр-сұлтан әлемдегі ең әдемі және заманауи қалалардың біріне айналды.

     

     

    Оқушылар назарына келесі бейнерөликтер ұсынылды: «Нұр-сұлтан қаласы туралы бейнебаян», «Бәйтерек монументі», «Астана-арман қала»  және т.б.

    Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті. Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida