"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Міне, жаз да өтті...» атты жазғы оқу залының жабылуы


    29 тамыз күні Бұхар жырау атындағы қалалық кітапханасы балалардың жеке қасиеттерін дамыту, өлеңдерді нақышына келтіріп айтуға, кітап оқуға қызығушылығын арттырып оқуға шақыру, бір-бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстау мақсатында «Міне, жаз да өтті...» атты жазғы оқу залының жабылуы өтті..

     

     

     

    Қалалық кітапхана осы жазғы оқу залын ұйымдастыру арқылы, балалар мен жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік жасап, кітап оқуға баулуды көздеген болатын.

    Жазғы оқу залында көптеген кітап көрмелері ұйымдастырылғанын айтып өтіп, оны фотокезкеңдерден құралған шағын көрмеден көре алды. Сонымен қатар қалың жұртшылыққа газет-журнал басылымдары кеңінен таныстырылды. Жазғы 3 айдың ішінде ұйымдастырылған кітап көрмелері жанында кітапхана қызметкерлері қала тұрғындарына кітапхана туралы ақпарат беріп, кітапханаға келіп жаңа кітаптармен танысуға, газет, журналдар оқуға, әр түрлі іс-шараларға қатысуға мол мүмкіндік бар екеніндігін айта келе кітапхана қызметі туралы ақпараттық, жарнамалық парақшаларды таратылды. Жазғы оқу залы жастардың ашық аспан астында, табиғат аясында кітап оқып, бос уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізуіне, көзқарасының дамуына ықпал еткені айтылды.

     

     

    Кітапханада жазғы демалыс уақытында қала бүлдіршіндері, сонымен қатар ата-аналар мен  түрлі жастағы оқырмандар үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және  басқосу орны болғаны толықтырылды. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға жұмыстар жүргізе бермек.

     

     

    Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос табуға, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізеді. Жүргізіліп отырған барлық жұмыс оқырмандарды таныту және дамытуға бағытталған. Бұл жерде  кішкентай оқырмандармен  дамытушы әдеби ойындар, конкурстар, викториналар, рольге бөліп оқулар ұйымдастырылды. Ал ойындарда кішкентай білімді бүлдіршіндерді жеңіске жетуге жетелейтін қызықты энциклопедиялар, трансформер-кітапшалар және түрлі бағдарламалар  болды.

    «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болар ма? деп ұлы ақын А.Құнанбаев айтқандай жазғы оқу залының жабылуын шағын викториналық ойынмен аяқталды.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida