"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «5 қыркүйек – Тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл – өркениеттің белгісі»


    2019 жылдың 11 қыркүйекте Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада  №9 ЖББОМ  9 «б» сынып оқушыларымен «5 қыркүйек – Тілдер күні» мерекесіне орай «Тіл – өркениеттің белгісі» атты филологиялық сағат өтті. 

     

     

    Іс-шара барысында  кітапхана қызметкері  мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі, кез келген өркениетті елдің  өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді, мемлекеттік тілі де болатынына тоқталып, мемлекеттік негізгі атрибуттары және біздің еліміздің мемлекеттік тілі, ана тіліміз – қазақ тілі екенін айтып өтті. Іс - шара барысында  «Суреттер сөйлейді» аттытіл жайлы суреттер көрсетіліп, осы бойынша қатысушылардың ойлары ортаға салынып, презентация  көрсетіліп, тіл туралы мақал-мәтелдерді жалғастыра отырып, тіл сөзіне тірек сызбасы талданды.

     

     

    Оқушылар қойылған сұрақтарға ойларын ашық жеткізу арқылы белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысып отырды.

     

     

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida