2019 жылдың 18 қыркүйегінде Шахтинск Технологиялық колледжінің СВ-919 студенттерімен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Библиографиялық іздеу. Каталог және электронды каталог түрлерімен таныстыру» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті.
Сабақ басында студенттер өздерінің кітап оқуға деген қызығушылықтары барын көрсете білді. Содан кейін кітапханашылар студенттерді "Шахтинск ОКЖ" сайтымен таныстырып өтті. Бұл сайтта жаңа әдебиеттер, кітаптарды online оқу, виртуалды анықтама, кітаптарды онлайн ұзарту, құжаттарды электронды жеткізу және т. б. қызметтері бар екені айтылды.
Ары қарай колледж студенттеріне каталог, оның түрлері және электронды Web РАБИС бағдарламасы туралы орталық қалалық кітапханасының библиографы Калинина Ирина Валентиновна мағлұмат берді. Сол бойынша студенттер әр-түрлі қызықты тапсырмалар орындады. Жалпы іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
Кеште әртүрлі мағыналы бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында келесідей бейнероликтер қолданылды: «Кітаптар», «Е- каталог», «Электронды каталог», «Өлкетану каталогы» және т.б.