Шахтинскіде: 28 °C
Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта
20 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханында №9 ЖББОМ 9 «а» сынып оқушыларымен «Оқитын уақыт» акциясы аясында ақын Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына арналған «Құйма жырдың киесіндей ақын немесе Айбергенов жыр-көшімен сырласу» атты кітапханалық поэзиялық акция кеші өтті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкері Төлеген Айбергеновтың шығармашылығына, портреті айқындайтын туындыларын саралап, слайдтар көрсетіліп, ақын туралы қанатты сөздер айтылып, өлеңдері нақышына келтіріліп оқылып, сонымен қатар оның сөздеріне жазылған әндері тыңдалды.