"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    Кітапханалық ойын сабағы.


    4 қазан  күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада Шахтинск технологиялық колледжінің  студенттері арасында білім алушылардың кітап, оның  шығу  және  қалыптасу тарихы жайлы түсініктерін, ақпараттық, кітапханалық-библиографиялық  білімдерін әрі  қарай  толықтыру, кітапты ұқыпты ұстау  және  кітап  оқуға  деген  қызығушылықтарын  ояту, жазушылар жайлы кеңірек  мағлұмат  білуге ықпал  ету  мақсатында жоспарға сәйкес кітапханалық сабақтың кезекті ойын сабағы өтті.

     

     

     

     

     

     

    Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

    І кезең. «Білім көзі – кітапта». Бұл кезеңде қойылатын сұрақтарға жауап беруі керек. 1 сұрақ 1 ұпаймен, яғни 1 жетонмен бағаланды.

    ІІ кезең.  «Мақал – сөздің мәйегі».  Бұл кезеңде гүлдердің артына жазылған мақалдардың жалғасын табу тапсырылды.

    ІІІ кезең. «Көңілді тапқырлар». Бұл кезеңде әр топ берілген сұрақтарға өзіне берілген әріптен ғана басталатын сөздермен жауап беру  тапсырылады.

    ІV кезең. Қатысушыларға жұмбақ жасыру. Жауап 5 ұпаймен бағаланады.

    V кезең: «Өзінді тексер» тренинг-ойыны. Екі топтың қатысушылары қарама-қарсы топтарына кітап, кітапхана тақырыбында сөзжұмбақ ойлап табу керек.

     

     

     

    Қатысушылар 2 топқа бөлінген болатын. І топ – «Кітапсүйерлер», ІІ топ – «Кітапқұмарлар». Сайыс сабақ болғандықтан кім кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығаны, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екені анықталды. Іс - шара барысында  жұмбақтар шешіліп, жаңылтпаштар айтылды, өлең оқылып, бейнерөликтер  көрсетілді, кезеңдерден құралған ойындар ойнатылды. 

     

     

     

     

    Оқушылар қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, іс-шараның қызықты өтуіне ат салысып отырды. ойын соңында 20 ұпаймен «Кітапқұмарлар» тобы 1 орынды, 18 ұпаймен «Кітапсүйерлер» тобы 2 орынды иеленіп, мадақтама қағаздарымен марапаптталды.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida