"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Рақымжан Қошқарбаев: ерлік тарихы».


    11 қазан  күні Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапханада Шахтинск технологиялық колледжінің СВ-919 тобы студенттерімен Кеңес – Герман соғысына қатысқан қазақ елінің асыл азаматтарының асқан ерліктерін мәңгілік ұмытпас үшін, олардың жанқиярлықпен, Отан үшін сұрапыл соғыста ерліктің үлгісін көрсеткендіктерін мақтаныш ете отырып, жастарды адалдыққа, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, ерлерге құрмет көрсетуге, үлгі алуға, үлгілі болуға тәрбиелеу, ерлеріміз бен батырларымызды еске алу, олардың даңқын асқақтату мақсатында жоспарға сәйкес ұйымдастырылған Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай  «Рақымжан Қошқарбаев: ерлік тарихы» атты тәрбие сағаты өтті.  Іс-шара барысында  кітапхана қызметкері  студенттер назарына Рақымжан Қошқарбаевтың мұрағаттық видеолары көрсетіліп және өміршең фотоларынан жасалған слайд ұсынылды.

     

     

     

     

     

    Білім алушылар тақырыпқа сәйкес түсінген, жаңа мағлұматтарымен бөлісіп, ойларын ортаға салды, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. Аталған іс-шараның тарихи маңызын түсініп, ат салысып отырды.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida