"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Ұлттық валюта күні».


    2019 жылдың 15 қарашасында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың оқу залында Шахтинск технологиялық техникумының оқушыларына арналған "Ұлттық валюта күні" атты іс-шара өтті.

     

     

     

     

     

     

     

    Тарихи танымдық іс-шара Ұлттық валютаның пайда болуы және оның шығу тарихы туралы өтті. Қазақстан теңгесі Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің атрибуты екені айтылды.

    Кез келген мемлекеттің тарихы - оның өз валютасының тарихын да қамтып, оны енгізу тек бір рет болады. Көптеген басқа елдердің ұлттық валютасының тарихы көптеген ғасырлар бойы қалыптасты. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, қазірін, болашағын бейнелейді. Теңге – Қазақстан  Республикасының ұлттық валютасының тарихы. Президенттің  1993 жылғы 15 қарашадағы теңгені айналымға енгізу туралы Жарлығынан басталдығы туралы хабардар етілді.

    Теңге енгізілгеннен кейін Қазақстанда экономикамен өндіріс қарқынды дами басталғандығы көрсетілді.

    Іс-шара барысында талқылауға логикалық сұрақтар қойылды, өзге елдің ақшаларын білу мақсатында интелектуалды ойын жүргізілді. Және оқырмандар арасында «Теңге тарихы» тақырыбы аясында викториналық сұрақтар қойылды.

     

     

    Қатысушыларға «Ұлттық валюта тарихы» атты слайд көрсетілді.

     

     

    Іс-шараға арналған «15 қараша ұлттық валюта күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға көруге ұсынылды. Кітап көрмесіне теңге, ақша, несие және Қазақстан экономикасы туралы кітаптар қойылды.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida