2019 жылдың 11 желтоқсаны күні Шахтинск Технологиялық колледжінің СВ-919 тобының студенттерімен Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады» клубының Тәуелсіздік күніне арналған кезекті отырысы өтті.
Шара басында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалып, Тәуелсіздік құрбандарына арналған видеролик көрсетілді, еске алу мақсатында 1 минут үнсіздік жарияланды. Кітапханашы мерекенің аталып өту тарихымен таныстырды. Қатысушылар назарына тарихи презентация және шағын құттықтау видеоролигі көрсетілді, студенттермен бірге «Тәуелсіздік» сөзі сараланды.
Шара қорытындысында қатысушылар Тәуелсіздік күніне арналған өздерінің тілектерімен бөлісті және олар мерекеге байланысты үйымдастырылған кітап көрмесімен танысты.