"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Аты әлемге мәшһүр жазушы Ілияс Есенберлин – 105 жаста».


    2020 жылдың 30 қаңтарында Шахтинск орталықтандырылған кітапханасының оқу залында  №9 мектеп оқушыларымен Ілияс Есенберлиннің – 105 жылдығына орай оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру, шығармашылық ізденісін қалыптастыру, халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға, құрметтеуге бағытталған танымдық сағат өтті. Сабақ барысында оқушылар назарына жазушының өмірібаяны баяндалатын видео көрсетіліп, жалғасы  шығармалары мен туындылары жайлы ақпарат берілді, слайд назарларына ұсынылды. Оқушыларға мәлімет беріле отырып, өзара әр айтылған тың деректерге жеке тоқталып, мысалдар келтіру арқылы сұрақтар қойылып, қызу талқыға түсті.

     

     

     

     

    Ілияс Есенберлиннің шығарма жазудағы толғаныс сөздері және жазушыға арналған арнау өлеңдер мәнерлеп оқылынды. Оқушылар өздерінің  қызығушылықтарын  көрсете білді. Шығармалары, кітаптарынан шағын көрме ұйымдастырылды. Кең ауқымды «Көшпенділер» романының желісімен түсірілген кинодан шағын үзінді тамашалады. Жалпы іс-шара маңызды мәліметтерге толы қызықты әрі көңілді өтті.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida