2020 жылдың 31 қаңтарында клуб мүшелерімен Казақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Казақстан халқына жолдауы аясында Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады. Родина начинается с тебя» клубының алғашқы отырысы өтті. Клуб мүшелерімен аталған тақырыпта жолдауға көзқарас барынша талқылауда өтті.
Әңгімелесу талқылау басында клуб мүшелері назарына Казақстан Республикасының Президенті Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың президент сайлауынан және Казақстан халқына жолдауынан қысқаша видео ақпарат берілді. Қатысушыларға мәлімет беріліп, сонымен бірге жолдаудың бірқатар бөлімдеріне жеке тоқталып, жүзеге асқан қызметтер жайлы сұрақтар қойылып, қызу талқыға салынды.
Клуб мүшелері өздерінің қызығушылықтарын арадағы пікірталас арқылы көрсете білді. Жалпы іс-шара маңызды ойлар мен ашық көзқарастарын байқатқан тартысты түрде өтті.