Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Сырға толы үшбұрыш».


    №12 филиал балалар кітапхана оқу залында Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 6 «Г» сынып оқушыларымен «Сырға толы үшбұрыш» атты іш шарасы өткізілді.

     

     

     

     

     

    Соғысты көзбен көрмесек те, жүрекпен сезіне білу – біздің борышымыз деп біліп. Бір сәтке өткенге оралып, соғыс жылдарындағы үзік сәттерге көз жүгіртіп...сұрапыл соғыс жылдарында майдан алаңындағы жауынгерлер мен шалғайда қалған туған-туысқандардың арасын хаттар жалғастырған. Сол кездегі көздің жасы сіңген хаттарда сарқылмас сағыныш, түпсіз терең ой, мәңгілік махаббат пен қалың ормандай қайғы-қасірет бар. Арада бір ғасырға жуық уақыт өтсе де, сарғайған қағаздарды қолға алып оқыған адамның жүрегі елжіремеуі мүмкін емес деп… Соғыс жылдарындағы хаттар… сарғайған, ескірген үшбұрыштар… Бір майданнан келген хат – бір отбасының жәдігері болғандығын , біздің болашақтарымызға бүгінгі іс шарада айтылды.

     

     

    Іс шара оқушылардың дайындап келген өлең шумақтары және әуендері шырқалып, «Біз сіздерді ұмытпаймыз, сұрапыл соғыста сынға түскен соғыс ардагерлері» деп бір сәтке өткенге оралдық.

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida