2020 жылдың 13 ақпанында клуб мүшелерімен ұлттық әдебиеттің ең үздік туындысын оқу және насихаттау, рухани мұраны сақтау, сондай-ақ жастарды патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу, қазақ әдебиетін насихаттау, қоғамның кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, өскелең ұрпақтың зияткерлік — рухани дамуы, ана тілі мен мәдениетіне ұқыпты қарау, жастарға адамгершілік, патриоттық тәрбие беру мақсатында Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залында «Отан сенен басталады. Родина начинается с тебя» клубының кезекті отырысы өтті. Клуб мүшелерімен аталмыш тақырыпта акцияға көзқарас барынша талқылалып, слайд арқылы орнықтырылды.
Түсіндіру барысында клуб мүшелері назарына республикалық акция бойынша таңдауға түскен ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы және Шығыс ғұламасы Әбу Насыр Әл–Фарабидің 1150 жылдығына орай жазушы Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романы қатысушылар назарына ұсынылып, мәлімет берілді.
Клуб мүшелері өздерінің қызығушылықтарын абонемент бөлімінен акция бойынша ұсынылған кітаптарды алуларымен көрсете білді.