"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Абайды оқы, таңырқа!».


     

    2020 жылдың 20 ақпаны күні Шахтинск орталықтандырылған кітапханасының оқу залында Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақын шығармаларын жаттау, өлеңдерінің тәрбиелік мағынасын түсіну және ол арқылы адамгершілікке, имандылыққа, асыл қасиеттерге тәрбиелеу және туған жердің тарихы мен тілінің қадір-қасиетін ұғындыру, мәнерлі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденісін дамыту мақсатында Ә.Бөкейханов атындағы №16 мектеп-лицейінің жоғарғы сынып оқушылары арасында «Абайды оқы, таңырқа!» атты интелектуалдық- танымдық ойын сабағы өтті.

     

     

     

    Ойын шарты бойынша ойынға 3 қатысушыдан құралған 3 топ: «Ибраһим», «Телғара» және «Абай» топтары қатысты.

    Ойын төмендегі бөлімдер бойынша жүргізілді:

    І. «Өлең сөздің патшасы» (Ұлы ақынның 1 өлеңін жатқа айту)

    ІІ.«Білімді мыңды жығар» ( сұрақ - жауап)

    ІІІ.«Заманауи жұмбақ»

    ІҮ.«Асыл сөздердің жалғасын тап»

     

     

     

     

     

    Оқушылар өздерінің  қызығушылықтарын  ойыннан көрсете білді. Жалпы іс-шара маңызды мәліметтерге толы қызықты әрі көңілді өтті.

     

     

     

     

     

    Ойын соңында ұпай саны бойынша 1 орынды ер балалардан құралған «Телғара» тобы, 2 орынды қыздардан құралған «Абай» тобы иеленіп, орын алған топ қатысушылары марапаттау қағаздарымен марапатталды.

     

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida