Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    «Қарлаг-мәңгілік естелік аймағы».


    №12 филиал балалар кітапханашысы №9 ЖББ мектебінің 6 сынып оқушыларымен Долинка кентінде орналасқан Карлаг музейіне саяхат жасадық және кітапханамыздың оқу залында «Қарлаг-мәңгілік естелік аймағы» атты іс шара өткізілді.

     

     

     

     

    Қарлаг — Қазақстанның Қарағанды облысындағы ГУЛАГ-тың ең ірі еңбекпен-түзеу лагерлерінің бірі болды.Ол, 1931 жылдың 19 желтоқсанында ұйымдастырылып, орталығы Қарағанды қаласынан 45 шақырым жердегі Долинка ауылында орналасты.1940 жылғы Қарлагтың аумағы: 1 780 650 гектарды құрап, солтүстіктен оңтүстікке дейін 300 шақырым, шығыстан батысқа дейін 200 шақырым жерді алып жатты.

     

     

     

     

    Лагерь қабырғасында орналасқан музейдің табалдырығын аттағанда, мұнда қойылған мұңды әуен мен зарлы күйден көңіліміз бірден құлазып салды.

     

     

     

    Ашаршылықтың ащы ақтаңдақтарын аңғартқан адамдардың фотосуреттері, қиянат-қысым көрген тұтқындардың томаға-тұйық бейнелері, жазықсыз жазалаулар, күштеп қоныс аударылған халықтың күрсіне күңіренген кейіптері, зындандағы зорлық-зомбылықтар жүрекке зіл салып, көңілге кірбің ұялатты. 

     

     

     

    Тұтқын Балаларын жоқтаған аналар Экскурсия жүргізушінің әңгімесіне еріксіз құлақ асып, тылсымға толы тарихымызға терең бойладық

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida