"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

     

     

    Новости

    «Алғыс айту- парызым».


    №12 филиал балалар кітапханасы оқу залында Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің  8А сынып оқушыларымен балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен - кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым - қатынасын дамыту, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу  мақсатында «Алғыс айту- парызым» атты іс шара өткізілді.

     

     

     

    Елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешіп жатыр. Қазақстан – азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет. Сондай-ақ, бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. 

     

     

    Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді деген еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген болатын.

     

     

     

     

    Іс шара барысында оқушылар өзге ұлттың тілдерімен алғыстарын айтып, өлең шумақтарын оқып, «Мың алғысқа лайықты жандар» галереясына өздерінің тағы басқа да алғыс айтқысы келетін жандарын белгілеп кетті.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2013 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (71063) 34-44-5 madeniet.astana@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida