№12 филиал балалар кітапханасы наурыз айының алғашқы күні Қазақстан халқының бірлігі мен татулығына бастайтын ұлт дәстүрінің жалғасын табатын, саяси тұрақтылыққа бастайтын “Алғыс айту” күні мерекесі қарсаныңда Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің директоры А.М Есмағанбетовке, № 9 ЖББМ мектебінің директоры М.К Улжибаеваға Шахтинск қаласы №12 филиал кітапханасы және осы ағымды жылдың «Еріктілер» жылы екенін белгіліеп Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінің 7 «В» сыныбындағы еріктілер тобымен «Алғыс айту -парызым» акциясын өткізіп, бірлесіп жұмыс жасағаны үшін алғысымызды алғыс хат арқылы білдірдік.
Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел соған меңзейді.Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.