4 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы оқырмандар мен жазылушыларға Жұбан жырындағы Мәңгілік Ел идеясын насихаттап, оқушылардың бойына ұлтжандылық, патриотизмге баулу, еліміздің өркениеттеуіне өз үлесін қосуда еңбектенуге баулу, оқырмандарды мәнерлеп оқуға, сахна мәнерін сақтауға үйрету, өз тапсырмаларына жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру, Жұбан шығармаларын оқуға баулу мақсатында поэзия кеші іс-шарасын видео форматта әлеуметтік желілерде жариялады.
Аталмыш іс-шара заманауи форматта безендірілген, Жұбанның поэзиясындағыдай патриотизм рухы насихаттай білді. Жалпы танымдық мәні мол, ұлтжандылық сезімде оздырылған шара болды.
Өткізілген шара оқырмандардың өз еліне, ақынға деген мақтаныш қалыптастырады. Сонымен қатар, тәрбиелік тұстары өте көп: өз Отанын сүю, анасына сүйіспеншілік туралы өлеңдер, сахна мәдениеті, оқырмандардың жауапкершілігі–бәрі үйлесімді қарастырылды. Шара мақсатына жетті.