13 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы оқырмандар мен жазылушыларға мүгедектер, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі туралы тану, оқырмандардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, оқушыларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу, оқырмандарды жақсылық жасауға тәрбиелей отырып «қайырымдылық», «қамқорлық», «жақсылық» құндылықтары туралы түсінік беріп, жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу, жақсылықты түсіну, жақсылық жасау іскерліктерін дамыту, жақсылық жасауға тәрбиелеу мақсатында іс-шара ой толғау жүргізу түрінде видео форматта әлеуметтік желілерде жарияланды.
Аталмыш іс-шара заманауи форматта безендіріліп, рухани қасиеттерді насихаттай білді. Жалпы танымдық мәні мол, қамқорлық сезімді оздырған шара болды.
Өткізілген шара оқырмандардың жарымжандарға деген жылы, қайырымдылық сезімдерін қалыптастырды. Сонымен қатар, тәрбиелік тұстары өте көп: сүйіспеншілік, асқақ рух, күш жігер беретін өлеңдер, оқырмандардың жауапкершілігі–бәрі үйлесімді қарастырылды. Шара мақсатына жетті.