17 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы оқырмандар мен жазылушыларға арнап Мемлекет Президенті Қасым Жомарт Кемеліұлы Тоқаевтың 1 қыркүйектегі халыққа жолдауына байланысты онлайн әңгімелесу түріндегі кезекті іс-шарасын видео форматта әлеуметтік желілерде жариялады.
Аталмыш іс-шарада кітапханашылар соңғы жолдаудағы басым айтылған қағидаларды саралап түсіндіріп айтып өтті.