29 қыркүйек күні Бұқар Жырау атындағы Шахтинск қалалық кітапханасы оқырмандар мен жазылушыларға арнап "Шахтинск ОКЖ "КММ" сайтымен кеңінен таныстыру, оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, олардың ой – өрісін дамыту, шығармашылық ізденісін ояту, кітапты қызыға оқуға баулуға кең мүмкіндіктер беру мақсатында кітапханалық сабақ түріндегі кезекті іс-шарасын видео форматта әлеуметтік желілерде жариялады.
Аталмыш іс-шарада кітапханашы қазіргі дамыған заманда кітапханалардың жұмыс барысында кітап пен оқуды қоғамда ілгерілетуге бағытталған көптеген жаңа стандарттағы қызмет түрлері, сонымен қатар қазіргі жастар, ең алдымен, компьютерлік өнімдерді тұтынушы, визуалды ақпаратты қабылдауға бағытталған тұлға екендігіне, сонымен қатар кітапханалар виртуалды әлемге көшкендігін – яғни, олар кітапхана сайттарын ұйымдастыра бастағанын айта келе, «Шахтинск ОКЖ» КММ сайтына толығырақ тоқталып өтті.
«Шахтинск ОКЖ» КММ сайтындағы мүмкіндіктерге сипаттама бере түсіндіріп, мағлұматтар айтып өтті.