Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив Сіз кітапхананың веб-парағын қаншалықты жиі қолданасыз?
    Всего голосов: 35

    Новости

    Назар аударыңыз! Жаңа кітап


    2020 жылдың 4 қарашасында Шахан ауылының отбасылық оқуына арналған модельді кітапхана әлеуметтік желілердегі парақшаларында «Қазақ жылысыңдық тарихы» атты жаңа кітаптың тұсаукесерін ұсынды.

    Қазақ жері мен елі - көне жылқының отаны. Қазіргі зерттеулер осыдан 6 мың жылдар шамасы бұрын Қазақстан территориясында тұрған көшпенді тайпалар әлемде алғаш рет жылқыны қолға үйретіп, мініске, күш-көлікке пайдаланғанын, етін жеп, сүтін сусын еткенін дәлелдеп отыр. Көшпенді ұлыстардың, оның ішінде қазақ халқының өткенін жылқы тарихынсыз елестету мүмкін емес. Автор археологиялық, этнографиялық материалдарды, көне жазбаларды, аңыз-әңгімелерді, батырлар жырын, архив және ауызша деректерді салыстыра отырып, жан-жақты кешенді еңбек жазған. Қазақ жылқысы туралы ақпарлар Қазақстанның көпшілік аймақтарынан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай елдерінен, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Ташкент, т.б. мұрағаттарынан жиналып, тұңғыш рет ғылыми айналымға түсті. Еурағасырлық жүріп өткен жолына арналған энциклопедиялық кітап оқырмандарды қызықтырмай қоймайды. Бұл - Ахмет Тоқтабайдың көп жылдар бойы арнайы зерттеген ғылыми еңбегінің нәтижесі. Кітап кзпшілік оқырман қауымға арналған.

     


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida