Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында қазақ халқының ұлы ақыны, философ, аудармашы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы қармаңында шығармаларын насихаттау, көркем әдебиетті оқу арқылы отбасындағы оқу мәдениетін қолдау, кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында «Бір отбасы – бір кітап» облыстық акциясына Шахтинск қаласының мектептері де өз үлестерін қосты.
Сіздердің назарларыңызға Ә.Бөкейханов атындағы 4 «А» сынып оқушысы Сергекова Камила мен анасы №1 кітапхана-филиалының кітапханашысы Дуйсебаева Меруерттің отбасылық кітап оқу мəдениеттерін ұсынып отырмыз.