2020 жылдың 17 қарашасы күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері оқырмандар мен жазылушыларға арнап ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында әдеби шолуды видео форматта кітапхананың әлеуметтік желілерінде жариялады.
Шара барысында кітапханашы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өмірі және Н.А.Назарбаевтың Қазақстан тәуелсіздігіне қосқан тарихи орны туралы айтты. Видеода оның балалық шағы, жастық шағы, еңбек жолы туралы ақпарат көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның бірлігін қамтамасыздандырушы, тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, Конституция қорғаушысы, құқық пен бейбітшілік тілеуші.