Нашар көретіндерге арналған
Wap сайттың нұсқасы

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Новости

    "Жан дүниең сайрап тұрған кезде..." әдеби сағат


    Құрметті оқырман! Қазақ балалар әдебиетінің классигі, жазушы Сапарғали Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына орай назарларыңызға "Жан дүниең сайрап тұрған кезде..." әдеби сағатын ұсынамыз. 

    Сапарғали Бегалин-әдебиетіміздің поэзия, проза жанрларында тартымды, толымды шығармалар берген көрнекті суреткер. Оның шығармашылық сапарында суреткер қаламынан жиырманың үстінде поэма, оннан астам повесть, жүздеген әңгіме, бір роман, көптеген естеліктер, зерттеулер, мақалалар туды. Ол-сазды лирик, сыршыл ақын.  Оның өлеңдеріндегі басты тақырып-туған жерге деген махаббат, өмірге, тіршілікке деген құштарлық. Талантты аудармашы. Ол Пушкин, Лермонтов және басқа да көптеген орыс классиктерінің шығармаларын қазақшаға аударған.

    Десек те, ең бірінші Сапарғали Бегалин қазақ балалар әдебиетінің дамуына көп еңбек сіңірген, оның негізін қалаушы алғашқы көшбасшысы. Оны қазақ балалар әдебиетінің ақсақалыжәне классигі деп атайды.

    Бүгінде жас ұрпақты Сапарғали Бегалиннің кітаптарын оқуға шақырғанда, біз алдымен одан халықтың дәстүрлі тіршілігі тудырған кәсіптердің неше түрлі көріністерін, дала өмірінің сан қилы қызықтарын тамашалауға болатынын еске аламыз. Оның төрт түлік туралы жырлары, ертегі, аңыз, мысалдары балалардың өмір тануына, табиғат сырын түсінуге, жан-жануарлар дүниесін ұғып, сырласуына жол ашады. Көпшілік қауым арасында жоғары баға алған  «Сәтжан»,   «Көксегеннің көргендері» сияқты тамаша туындылары құсбегілік, саятшылық өнердің қызықтарына тартпай қоймайды.

    Балаларға арнап жазған өлең, әңгіме, повестері ондап, жүздеп саналады. Сапарғали Бегалин есімін тек қазақ баласына ғана емес, көптеген елдердің балалары арасында да танымал. Оның балалаға арнап жазған кітаптары көптеген ел тіліне аударылған.

    Жазушының кітаптары жайлы қосымша ақпаратты https://shahtinsklib.kz/ сайтынан біле аласыздар

     


    Вернуться назад

    Жаңалықтар

    2005-2022 «Шақты орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Барлық құқықтар қорғалған
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Дамыту және қолдау:
    Интернет компания Creatida