2020 жылдың 24 желтоқсанында күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері совет одағының батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туылғанына 110 жыл толуына арналған естелік сағатын видео форматта кітапхананың әлеуметтік желілерінде жариялады.
Видео барысында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне өз үлесін қосқан, қазақтың батыр тұлғасы жайлы және оның ерліктерін паш ету мақсатында еске алу айтылып өтілді. Кітапханашы Бауыржан Мошышұлының мерейтойының биылғы жылы аталып өтілуі барысында батыр тұлғаның өмірбаяны, жауынгерлікті насихаттайтын еңбек кітаптарын таныстырды. Естелік сағатында сонымен қатар Бауыржан Момышұлының әр түрлі тағылымдық, мағыналы, өткір ойлары айтылып өтілді.