Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив Сіз кітапхананың веб-парағын қаншалықты жиі қолданасыз?
    Всего голосов: 55

    Новости

    Жаңа жыл қарсаныңдағы оқиға


    Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру. Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке .Бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен! Осындай қуанышты күнді біздің №12 балалар кітапхана-филиалы өз сүйікті оқырмандарымен «Жаңа жыл қарсаныңдағы оқиға» атты ойын-сауық кешін ұйымдастырды. Ең алдымен  бәріміз танысып алдық,себебі біз –бір бірімізді танымаймыз . Шеңберге тұрып қырау  арқылы танысып, бір бірімізге жаңа 2021 жылға жақсы тілектер тіледік.

    Кешіміз әртүрлі жаңа жылдық қызықты ойындар атап айтсақ;

    • Жылдар сыры.
    • Жаңа жылдық жасырын заттар.
    • Күлдіргіш .
    • Сұрақ-жауаптар.
    • Жаңа жылдық жұмбақтар.
    • Мультвикториналар.
    • Жаңа жылдық өлең шумақтары.
    • Жаңа жылдық сергіту сәттері.

    Осындай қызықты ойындармен ,көңілді кешті кітапхана оқырмандарымен ойдағыдай өткіздік. Жаңа жылдың соңында Аяз ата мен Ақшақар оқырмандарымызға сыйлық пен тәттілер тарту етті. Жаңа Жыл құтты, табысты, бақытты жыл болсын деп мерекемізді тәмәмдап, жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! деп оқырмандарымызды шығарып салдық.


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida