Нашар көретіндерге арналған
Wap версия сайта

"Шахтинск орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ

    Опрос

    Архив Сіз кітапхананың веб-парағын қаншалықты жиі қолданасыз?
    Всего голосов: 55

    Новости

    «Аңызға айналған алып тұлға – Бауыржан Момышұлы»


    №1 Кітапхана-филиалы аты аңызға айналған командир, көптеген марапаттардың иегері, жазушы және Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына байланысты «Аңызға айналған алып тұлға – Бауыржан Момышұлы» атты әдеби портретін өткізді. Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының, Жуалы ауданындағы Көлбастау ауылында туған. Ұлы Отан соғысының басында Бауыржан Момышұлы генерал Панфиловқа Алматыда 316 - шы атқыштар дивизиясын жасақтауға көмектеседі. Сол дивизия құрамында батыр майданға аттанған. Содан кейін ол Мәскеу түбіндегі шайқастарға қатысып, Панфилов атындағы 8 - ші гвардиялық дивизиясында батальон, полк командирі болған. Ұлы Отан соғысының даңқты батыры «Намысты нанға сатпа» деген ұранмен ел үшін, жер үшін кеудесін оққа тосып, жанын берді. Мәскеу үшін соғыста 27 рет ұрысқа қатысты. Ол бұл туралы «Артымызда Мәскеу» атты кітабында жазды. Бауыржан Момышұлы әдебиетке ерекшелікпен келген.

     

     

     

    Оқырман қауым батырды алдымен шығармалардың авторы ретінде емес, шығармадағы ержүрек кейіпкер ретінде таныды. Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» повесті арқылы танылған болатын. Повестің басты кейіпкері панфиловшы офицер, Мәскеуді қорғауға қатысқан батыр – Бауыржан Момышұлы. Александр Бек бұл еңбегін батырдың әңгімелері мен еске түсірулерінің желісімен жазған болатын. Бауыржан Момышұлы – «Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы», «Москва үшін шайқас» әңгімелерінің, генерал И. В. Панфилов туралы «Біздің генерал» өмірбаяндық повестер мен әңгімелер жинағы кітабының авторы.


    Вернуться назад

    Новости

    2005-2020 КГУ "Шахтинская централизованная библиотечная система" Все права защищены
    +7 (7215) 65 51 59,
    +7 (7215) 65 41 73 goldorang@mail.ru
    Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика GIH
    © 2014 Разработка и поддержка:
    Интернет компания Creatida