2021 жылдың 13 қаңтары күні Бұқар Жырау атындағы орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің оқу залы қызметкері қазақ әдебиетінде фантастика жанрының бастауында тұрған қалам иесі Медеу Сәрсекеевтің туылғанына 85 жыл толуына арналған әдеби кешін видео форматта кітапхананың әлеуметтік желілерінде жариялады. Видео барысында жазушының өмірбаянына толықтай тоқталып, оның адамзат қиялының ғажайып шексіздігін танытатын шығармашылығының бірегейі, шоқтығы биігі, қазақ фантастикасының үздік те өміршең шығармашылығығы, еңбектерін паш ету мақсатында айтылып өтілді.
Кітапханашы қаламгердің мерейтойының биылғы жылы аталып өтілуі барысына және Қаныш Сәтпаевты насихаттайтын еңбектерін баса айтып, таныстырды.