Балалардың қыс мезгілі туралы түсінігін кеңейту. Қыс мезгілінің сұлулығын тамашалай отырып, табиғаттың ерекшелігін сезінуге үйрету, көркемдік талғамын, ой-өрісін дамыту. Дәстүрлі емес әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып қыстағы жапырақсыз қар жамылған ағаштардан қолөнер жасай білуге, бізді қоршаған табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу мақсатында №12 балалар кітапхана-филиалында «Қысқы ғажайыптар» қолөнер байқауы ұйымдастырылды. Оқырмандар «Жаңа жыл жаңырқа, ескі жыл есірке» демекші ескі жылда ұмытпай ,осы ескі жылға түрлі қолөнерлерін тапсырды. Жылдың қандай әдемі уақыты — қыс! Жұмсақ қар, шанамен сырғанау, аязды бет. Үйге серуеннен оралып, сүйікті ісімен айналысу қаншалықты керемет! Қолөнер жасау қосымшалар жасау, пластилиннен мүсін жасау, жасау! ертегі кейіпкерлерін жасаймыз, қағаздан киім ойлап табамыз, қысқы киімдерде шыршалар мен жануарларды мүсіндейміз, қысқы пластилинографиямен айналысамыз. Егер сізде аз уақыт болса немесе түрлі-түсті қағаз болмаса, оларды принтерге басып шығарыңыз. Егер сіз көптеген достарыңызға жаңа Жылдық карталар жасағыңыз келсе, олар әсіресе ыңғайлы. Байқауымыздың шарттары :10 қаңтарға дейін қолөнерді тапсыру қажет болды және де әділқазы ретінде қатысушының әкесі Қ. Жунусов, М. Николаевна, Н. Викторовна қорабты ашып дауыс берушілер саның санап, жеңімпазды анықтады.
Біздің женімпаздар: Бекова С. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп –лицейінің 5 «Г»сынып оқушысы. Наметова Ж. Ә.Бөкейханов атындағы мектеп –лицейінің 2 сынып оқушысы. Цензура Д. №5 гимназия 7 «В» оқушылары анықталды.